Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік фильмдерде Қазақстан қалай суреттеледі (фото)

Батыс кинолары, оның ішінде Голливуд өз фильмдерінде Қазақстан туралы да жиі көрсетеді. Ендеше қандай картиналарда Қазақстанның көрініс тапқанын тізбелеп көрейік.

166

Бұл туралы yvision.kz блог-платформасындағы Роман Ковалевтің жеке парақшасында жарияланған.

Борат (2006)

144

Америкалық актер Саша Барон Коэнның бұл картинасы Қазақстанды тұтастай мазаққа айналдырып суреттейді. Фильм түрлі аталымда жүлделер иеленіп, атағы жер жарса да, әлбетте қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырды.

Сириана (2005)

сириана

Тікелей болмаса да, Стивен Гейганның саяси триллерінде Қазақстан да аталып өтеді. Актер Джордж Клуни осы картинадағы рөлі үшін Оскар алған. Фильм мұнайға қатысты қақтығыс пен кейіпкердің өзіндік проблемалары туралы өрбиді. Мұнай туралы қозғалған кезде Атырау облысындағы Теңіз мұнай кеніші көрсетіледі.

Жалдамалылар (2014)

наемницы

Фильм желісі бойынша арнайы отряд ұрланып кеткен АҚШ президентінің қызын Қазақстан түрмелерінің бірінен құтқармақшы болады.

Вавилон Н.Э. (2008)

вавилон

Картинада фантастикалық ұрыс-қимылдары көбірек көрсетіледі. Моңғолия, Қазақстан жері де көрініс тапқан.

Роллербол (2002)

155

Бұл фильде Жамбыл қаласынан “Салт аттылар” командасы ойнап көрсетіледі. Рөлдерге екі америкалық актерлер ойнаған.

Лара Крофт: Мазар ұрлықшысы 2 – өмір бесігі (2003)

лара

Бұл фильмде біздің өлкедегі бір миссия толықтай беріледі. Ал екінші фильмде Анджелина Джоли өзінің серіктесімен бірге Қазақстанда түрмеге отырады.

Шыншыл өтірік (1994)

166

Картинада Қазақстан ядролық қаруға қатысты байланыстырылған.

Президент ұшағы (1997)

177

Харрисон Форд пен Гари Олдман ойнаған Вольфганг Петерсеннің бұл фильмінде Қазақстан маңызды рөл ойнаған. Әрине, шындық тұрғысысынан бұл рас емес. Террористер АҚШ президентінің ұшағын жаулап алады да “қазақ” лидері Радекті босатуды талап етеді. Ақырында бұл іс Каспий теңізінде аяқталады.

Құпия материалдар (1993)

секрет

5-ші маусымының 13-ші сахнасында жағдай Қазақстан аумағында өрбіген. Жат планеталықтар құлап, солармен шайқас жүргізіледі.

Талқылау