Қайрат Нұртас өмірі туралы фильм түсіріп, көптен жасырған құпиясын ашпақ

Сейсенбі, 26 Сәуір , 2016 9:28

Әнші Қайрат Нұртас өзінің өмірі туралы тағы да бір фильм түсіріп, халықтан көп жылдан бері жасырған құпиясын ашпақ. Мұнымен қатар, Қайрат “Байқа” атты әнге бейнебаян түсіріп жатыр.

new-hit-2016-2

Сурет bonjournal.kz

Дәл қазір Қайрат Нұртас “Байқа” атты әніне Алматы қаласында бейнебаян түсіріп жатыр. Әнші бұл әнді жүрек қалауымен кездейсоқ таңдағанын айтады.

“Маған бұл өлең қатты ұнайды. Естелік үшін аталған өлеңге бейнебаян түсіруді жөн көрдім. Менің өлеңдерім өте көп және нақты қайсысына бейнебаян түсіретінімді ұзақ уақыт жүріп таңдадым. Шығармашылығымда тың жаңалықтар бар. Жақын уақытта өз өмірім туралы фильм түсіремін. Көптен бері жасырған құпияларымды ашамын. Шынымды айтсам, фильмді өзім де асыға күтіп жүрмін”, – дейді әнші gakku.kz арнасына берген сұхбатында.

Бейнебаянның авторы Егор Льмарев “Байқа” атты бейнебаянның сюжетін қысқаша баяндап берді.

#БАЙҚА

Видео опубликовано Кайрат Нуртас (@kair_n)

“Қайрат жабық клубқа мүше болған қызға ғашық болады. Ол бұл клубқа кездейсоқ тап болады. Мұнымен қатар, клубтың басқа мүшелерімен де танысады”, – дейді режиссер.

Әншінің сүйіктісін жас актриса Дина Жұмағалиева сомдайды. Қайраттың сөзіне сенсек, бейнебаян бірнеше айдан бері түсіріліп жатқан көрінеді. Ал тыңдармандары туындыны сәуір айының соңында көретін болады.


Оқи отырыңыз:

Тыңдармандары Қайрат Нұртастың әкесі қырғыз екенін айтып жатыр

Қайрат Нұртас Шымкентте Нюшамен қосылып ән айтты (видео)

Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова мәжіліс депутаттарының тізіміне енбеді

Қайрат Нұртастың бала күнінде ән салған видеолары көпшілікті қуантты

Әнші Қайрат Нұртас “миллионер” атанды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Бейнебаян”Виноваты звезды” киносына уксас болама екен сонда?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар