Қайрат Нұртастың бала күнінде ән салған видеолары көпшілікті қуантты

Бейсенбі, 24 Наурыз , 2016 10:08

Айған Жолдасова инстаграмдағы парақшасында Қайрат Нұртастың сахнаға алғаш шыққан сәтін бейнелеген видеолармен бөлісіп, әндерінің аранжировкасын бір кездері Ұлықпан Жолдасовтың үйде отырып жазып бергенін айтты.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Халық Қайрат Нұртастың киелі сахнаға қадам баспас бұрын қандай мектептерден өтіп, өнерін көпшілікке қалай таныстырғанын біледі. Анасы бірден бейнебаян түсірмей, ауыл-ауылды аралап концерт беруге кеңес берген. Осылайша Қайрат Нұртас Қазақстанның көп қаласы мен ауылын аралап шығады. Бірнеше байқауға қатысып, жеңімпаз атанады. “Арман” атты әні Қазақстанда ғана емес, шетелде де хитке айналып, өзіндік тыңдармандарын табады. Ал, елімізге танымал әншінің алғашқы әндерінің аранжировкасын Ұлықпан Жолдасов жазып берген екен.

#Repost @gulziraaidarbekova with @repostapp ・・・ Кайрат 8- жаста. Алгашкы улкен сахнада орындаган ани,Ана-анимен басталып еди. ___________________________________________Бүл кезде аранжировканың барлығын Ұлықпан ұйде 🏠 😆жазатын еді🎹🎧 (Тоқтар,Саяттың ,”Тамашаның”, )сол кезде балапан Қайратта келіп осы əнін жаздырған ))) Ұлықпан парақшадан көріп қалып мына видеоны-“”менің звуктарымғо деп танып жатыр))) “”сол кезде жазып бергем -жасы 8 де болған”” деп ) Өрлей бер,өсе бер @kair_n біз саған тілекшіміз 🙏 @kair_n @[email protected]

Видео опубликовано Айған Сайлаубайқызы (@aigan_zholdasova)

“Қайрат сегіз жаста. Алғаш үлкен сахнаға деген қадамын “Ана” әнімен бастаған еді. Бұл кезде аранжировканың барлығын Ұлықпан үйде отырып жазатын. Сол кезде балапан Қайрат та келіп осы әнін жаздырған. Ұлықпан парақшадан көріп қалып мына видеоны “Менің звуктарым ғой. 8 жасында жазып берген едім” деп жатыр. Өрлей бер, өсе бер”, – деп бүгінгі әнші Қайратқа ақ тілегін жаудырды.

Видеодағы Қайрат Нұртастың 7-сыныпта соңғы қоңырауда  “Махаббат назы” әнін орындап тұрған сәті. Бұл әннің де аранжировкасын Ұлықпан Жолдасов жазған екен.

Естеріңізге сала кетсек, әнші Қайрат Нұртастың “миллионер” атанғаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар