Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арман Дүйсенов оралмандар туралы комедиялық фильм түсіріп жатыр

Күні кеше сазгер әрі әнші, клипмейкер Арман Дүйсеновтің өзін режиссерлік қырынан сынағысы келіп жүргенін хабарлаған болатынбыз. Енді міне сазгер көптен бергі арманын жүзеге асырмақ. Ол “Питерлік оралман” атты фильм түсіріп жатыр.

image

Бұл туралы “Гәкку” арнасы хабарлайды.

Сан түрлі қырымен танылып үлгерген Арман Дүйсенов фильм түсіруді қолға алды. Ол Алматыға бақыт іздеп келген үш оралман жігіттің өмірін баяндайтын туынды түсірмек. Түсірілім жұмыстарын бастап, дәстүрге сай ыдыс сындырып та үлгерді.

image

Фильмде Дастан Оразбеков, Динара Бақтыбаева, Аша Матай сынды танымал жұлдыздар ойнайды.

Арман Дүйсенов аталған фильмнен бой көрсетпесе де, оның барлық саундтрегін жазуды өз мойнына алған. Мұнымен қатар, фильмнің продюсері ғана емес, сценарийсі. Ал картинаның режиссері – Әлен Ниязбеков.

Жастар туралы комедиялық туынды күзде көрермен назарына  жол тартады деп күтілуде.


Жіберіп алмаңыз:

МС Сайлаубек басты рөлді өзі мен Қайрат Нұртастың егізі сомдайтын фильм түсіріп жатыр (видео)

Баян Есентаева “Гламур для дур” комедиялық фильміне түспек

Қазақстанда үнді фильмі түсіріліп жатыр

Сиви: Қайрат Нұртастың жаңа фильмінде басты рөлді әйелі сомдайды

Талқылау