Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева “Гламур для дур” комедиялық фильміне түспек

Елімізге танымал режиссер Асқар Ұзабаев “Гламур для дур” атты кезекті туындысын түсіріп жатыр. Аталған туындыда продюсер әрі актриса Баян Есентаева бой көрсетпек.

14597597313zedk

Фото: brod.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Түсірілім жұмыстары 26 мамырға жоспарланған. Әзірге туындының авторлары басты рөлді кім сомдайтынын жасырып отыр. Режиссер лентаның Instagram желісінде танымалдылыққа қол жеткізгісі келетін адамдар туралы екенін айтады. Мұнымен қатар, сценарийді ешкімнің көңіліне тимейтіндей етіп жазбақ.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары Баян Мақсатқызының кез келген рөлді алып шыға алатынын жеткізген. Арасында продюсердің ойына келгенін жасайтынын айтып, өмірін ойынға балағандар да бар.

Ал фильмнің түсірілім жұмыстары 30 күнге созылады. Дәл қазір әртүрлі кастинг жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған туынды көрермендерге күзде жол тартпақ.

Баян Есентаева мен Асқар Ұзабаев бірігіп, осы уақытқа дейін “Ғашық жүрек”, “Махаббатым жүрегімде”, “Осторожно, корова!” сынды туындыларды дүниеге әкелген болатын.


Оқи отырыңыз:

Рэпер жігіт Баян Есентаеваға тағы да өтініш білдірді (видео)

Баян Есентаева байқау ұйымдастырғанын ұмытып кеткен

Баян Есентаева: Қалалық қоқыстарды аралаған кезім болды

Баян Есентаеваның сұлулық туралы алғашқы видеоблогы жарық көрді

 

Талқылау