Рэпер жігіт Баян Есентаеваға тағы да өтініш білдірді (видео)

Сәрсенбі, 11 Мамыр , 2016 10:53

Баян Мақсатқызына Асыл Мұра есімді жас рэпер жігіт видео сәлемдеме жолдап, өзіне продюсер болуын өтінген болатын. Алайда Баян ханым өзінің бұл жанрда еш тәжірибесі жоқ екенін айтып, ұсыныстан бас тартқан-ды. Енді міне рэпер екінші рет бағын сынап, продюсерге тағы да өтініш білдірді.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Продюсерге арналған туындысы “Баян Мақсатқызына хат” деп аталады. Әніне кішігірім бейнебаян түсіріп үлгерген рэпер Баян Мақсатқызынан өзіне продюсер болуын өтінеді. Қажет болса арықтап, барлық талап-тілегін орындауға уәде береді. Тіпті, бір рет болсын “апай” деп айтпайтынын жеткізді.

Видео сәлемдемені алған Баян Мақсатқызы “Рахмет! Енді менімен рэперлер жұмыс істегісі келеді! Асыл Мұра, сіз өте талантты жігітсіз, бірақ бұл жанрда менің еш тәжірибем жоқ”, – деп қысқа қайырды. Бұл жауапты естіген рэпердің көңіл-күйі түскені анық. Десе де, Асыл Мұра өзінің табандылығымен продюсерді таңқалдырды. Ол екінші рет бейнебаян түсіріп, Баян Мақсатқызына видео сәлемдеме жолдады.

@bayanyessentayeva_ @bagym_m @tengrinewskz @hittvkz @muzlifetvkz @muzzone_tv #skoro

Видео опубликовано Асыл Мура . Company (@asyl_mura)

“Құрметті Баян Мақсатқызы, маған берген жауабыңыз үшін рахмет. Сіз мені алмай қойдыңыз. Бірақ мен берілмеймін”, – дейді Асыл Мұра. 

@talant_kaysa

Видео опубликовано Асыл Мура . Company (@asyl_mura)

А он с характером, настырный 😃👍

Видео опубликовано Bayan Yessentayeva (@bayanyessentayeva_)

“Өзі мінезді жігіт екен. Табандылық танытты”, – дейді Баян Есентаева. Желі қолданушылары да жігітке жақтасып, продюсерден екінші рет ойланып көруін сұрады. Арасында жігіттің әрекетін еріккеннің ермегіне балағандар да бар. Әзірге продюсердің қандай жауап қайтаратыны белгісіз.

Асыл Мұра халыққа аса танымал болмаса да, осы күнге дейін “Сәбина келін” фильмінің “Айым бекен” атты саундтрегін орындаған. Амре есімді әншімен бірігіп “Сезім сыры” сынды әндер жазып, бірнеше бейнебаян түсіріп үлгерген.


Оқи отырыңыз:

Баян Есентаева өзіне өтініш білдірген жігіттің бетін қайтарды

Баян Есентаева әріптестерінің жаға жыртысуға дайын тұратынын айтты

Есентаева: Цирк басшылығының Мұтырғановтан кешірім сұрайтыны анық

Есентаева қызына үш жылдан бері би үйрете алмай жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар