Баян Есентаева әріптестерінің жаға жыртысуға дайын тұратынын айтты

Дүйсенбі, 28 Наурыз , 2016 9:15

Елімізге танымал продюсер Баян Есентаева Facebook, Instagram сынды әлеуметтік желілердің “қорқау қасқырларға” толы екенін айтып, өмір туралы өз ойымен бөлісті.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Табыс, атақ-даңқ, сұраныс сынды дүниелердің соңынан қуамыз деп әйтеуір бір жұлдыздай жарқ етіп сөнерімізді ойлаудың өзі қорқынышты. Бүгін ұшақ құлады, кеше Батырханнан айырылдық, Бельгияда теракті болды, жаңалық бір-ақ күн өмір сүреді. Мұның барлығы ұмыт болып, әлем тың жаңалықтар күтеді. Лентаны парақтап отырып біздің бір-бірімізбен қалай жарысатынымызды, кімнің тойда қалай өнер көрсетіп жүргенін, кімде қандай отырыс болып жатқанын, біреудің ұшақта отырғанын көремін. Мұның барлығының астарында “Қараңдар, мен халыққа қажетпін, қолым да бос емес, маған деген сұраныс бар” деген ой жатыр. Барлығы тек сіздер үшін, барлығы халық үшін, ешкім де өзім үшін, отбасым үшін, қара басымның қамы үшін деп айтпайды. Мүмкін, расымен де, барлығы тек өзгелер үшін жасалып отырған болар”, – деп продюсер өмірдің бір сәтте-ақ  зымырап өтетінін айтты.

Isabel_Garcia_14-04-15-30

Ары қарай “Әлем жалған сөзге, жеккөру, көреалмаушылық сынды сезімдерге толы. Біз жүзіне қарап тұрып жымисақ та, адамның сыртынан неше түрлі сөз айтуға дайынбыз. “Жақсы іс жасаңыздар, ғарышқа тек жақсы ой жолдаңыздар, жақсылық жақсылықпен немесе басқаша болып қайтады” деген ашық хаттар жолдауға құмармыз, ал шын мәнінде жақсылықты қалай жасау керек?”, – деп желі қолданушыларына ой салды.

Продюсердің айтауынша, жақсылық құр сөзбен емес, игі істермен көрініс табады. Әркім өзі үшін ғана жауап беріп, тек менің басыма қиындық түспесе екен деп ойлайды. Мұнымен қатар, “Facebook пен Instagram қорқау қасқырдай торыған адамдарға толы. Біз кімге айналып барамыз, бір құдықтың суын ішіп, бір кеменің басын ұстап жүрген жандар жаға жыртысуға дайынбыз”, – деп барлығының өткінші екенін айтып қоймай, кеудеге таққан медальдің ізін жалғастырар ұрпаққа еш қажеті болмайтынын жеткізді.

0c2c49b9f481328cc5a47d3cca891333_big

Баян ханымның мұндай терең ойға батуына не нәрсе себеп болғаны белгісіз. Ол іште тұнып жатқан ойымен бөлісіп қана қоймай, жақында Асқар Ұзабаевтың  кезекті туындысына түсетінін жеткізді. Сөзіне сенсек, өзі фильмге түскенді ұнатпайды, бірақ режиссер ұсынған туынды сөзсіз керемет болғандықтан келіскен.

Естеріңізге сала кетсек, Баян Есентаева ешқашан орамал байлап, тұмшаланбайтынын айтқаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Негизи дурыс ангиме , бари омирдин бир -ак рет берилетинин және т.б аитуга кумар ал омирде бвскаша. Осы ангимени котерип отырган адамда солай

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар