Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева өзіне өтініш білдірген жігіттің бетін қайтарды

Баян Мақсатқызына Асыл Мұра есімді жас рэпер жігіт видео сәлемдеме жолдап, өзіне продюсер болуын өтінді. Алайда Баян ханым өзінің бұл жанрда еш тәжірибесі жоқ екенін айтып, ұсыныстан бас тартты.

новый коллаж

Фото: instagram.com/asyl_mura/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Продюсерге арналған туындысы “Баян Мақсатқызына хат” деп аталады. Әніне кішігірім бейнебаян түсіріп үлгерген рэпер Баян Мақсатқызынан өзіне продюсер болуын өтінеді. Қажет болса арықтап, барлық талап-тілегін орындауға уәде береді. Тіпті, бір рет болсын “апай” деп айтпайтынын жеткізді.

Видео сәлемдемені алған Баян Мақсатқызы “Рахмет! Енді менімен рэперлер жұмыс істегісі келеді! Асыл Мұра, сіз өте талантты жігітсіз, бірақ бұл жанрда менің еш тәжірибем жоқ”, – деп қысқа қайырды. Бұл жауапты естіген рэпердің көңіл-күйі түскені анық.

Желі қолданушылары Баян Мақсатқызына кез келген адамнан жұлдыз жасай алатын талантының бар екенін айтып, рэперді алуға кеңес берді.

Асыл Мұра халыққа аса танымал болмаса да, осы күнге дейін “Сәбина келін” фильмінің “Айым бекен” атты саундтрегін орындаған. Амре есімді әншімен бірігіп “Сезім сыры” сынды әндер жазып, бірнеше бейнебаян түсіріп үлгерген.

Естеріңізге сала кетсек, Баян Есентаеваның Төреәлінің әдепсіз қылықтарын жұртқа жайғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау