Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева: Қалалық қоқыстарды аралаған кезім болды

Баян Есентаева өзінің осы күнге дейін орындай алмаған жалғыз арманы туралы айтып берді. Ол осы арманына жету үшін талай қиындықты өткеріп, жұмыстан кетуге мәжбүр болған.

image

Халық бүгінде танымал продюсер болып жүрген Есентаеваның ата-анасы қыздарының педагог маман болуын қалағанын біле бермейді. Ол актриса болғысы келгендіктен, ата-анасына қарсы шығып, ескертпестен басқа институтке ауысқан. Кішкентай кезінен танымал болуды армандаған продюсер уақыт өте келе қалауына қол жеткізеді. Небәрі 18 жасында “Махаббат бекеті” фильмінде бас рөлді сомдап, барша Қазақстанға танылады. Бұдан кейін журналистика саласына ауысып, өзінің басты арманын орындауға кіріседі. Өкінішіне орай, бұл арманы осы күнге дейін орындалмаған. Десе де, продюсер өзіне журналистика саласында жұмыс істеуге кедергі жасаған ұстаздарына алғыс айтып, солардың арқасында көп тәжірибе жинағанын айтады.

“Сен әлі дайын емессің, жассың, ешуақытта қолыңнан келмейді” деген ұстаздарыма алғыс айтамын. Ойы жүйрік, арманына берік адамды мұндай сөздер тек жігерлендіре түседі. Олар маған дайын асты шайнап беруге міндетті емес еді. Ол кезде расымен де менің қолымнан ешнәрсе келмейтін. Қазір түсініп отырмын. Мен тек барлығын үйренген кезде ғана “Баян, сен енді барлығын білесің, ары қарай өсуің керек” дедім. Жаңа жобамды жасадым”, – деп продюсер осы уақытқа дейін берген сұхбаттарында ұстаздарына қатты ренжулі болса да, дәл қазір ойы өзгергенін жасырмады.

Баян Есентаева 6 жыл телевидение саласында журналист-корреспондент болып қызмет істеген. Тырнағына сәнді маникюр жасап, аяғына біз өкше туфли киіп жұмысқа баратын бойжеткен бастапқыда қатты қиналған.

“Есентева, сен бүгін жасылдар партиясымен қалалық қоқысқа барасың” деп айтатын. Мен оны сондай қатты жеккөрдім. Неге мен? Мен әдемі туфлиіммен қалай барамын деп айтатынмын. Барған жерлерім қорқынышты, сасық болатын. Жүрегім айнып әрең жүретінмін. Ол кісілер мені қайда жібермеді десеңізші?! Ұстазым осының барлығынан өткен кезде ғана нағыз журналист бола алатынымды айтатын. Жас болып, көп нәрсені түсінбедім. Қалалық қоқыстардың барлығын аралап, ата-әжелерге барып шыққан соң мәдениет бөліміне ауыстым. Театрға барып жүрдім. Осылайша өстім”, – дейді продюсер Дана Рыскельдинованың авторық бағдарламасына берген сұхбатында.

Баян Мақсатқызы бір каналда жарты немесе бір жылдан артық уақыт жұмыс істей алмаған. Жұмысқа кешігіп келгендігі үшін 9 рет жұмыстан қуылған. Бұған өрескел мінезінің себеп болғанын да жасырмайды. Десе де, ол дәл қазір жаңалықта ең бастысы тәртіп екенін түсінгенін айтады. Мұнымен қатар, Баян ханымның бір мәтінде 32 рет өңдеп, рекорд орнатқан кезі болған.

“Исаак Якович Дворкин есімді ұстазым болды. Ол кісіге де ерекше алғыс білдіремін. Сондай қатты құрметтеймін. Маған бір мәтінді 32 рет өңдеткізіп, рекорд орнатқан жайым бар. Ол кісінің кабинетіне кірсем, мәтінімнің адам оқуға тұрмайтынан айтып, қайта өңдеуімді талап етеді. Кейін мәтінде сапалы етіп жаза бастаған соң авторлық бағдарламамды ұсындым”, – дейді продюсер.

Десе де, ұстазы бойжеткеннің бойынан ерекше қабілет байқай алмаған сыңайлы. Оның жас екенін, әлі де дайын емес екенін айтқан. Осы кезде Есентаева бірінші рет жұмыстан өз еркімен кетуге мәжбүр болған.

“Мен өзіме рұқсат бермеген соң, жұмыстан бірінші рет кетуге мәжбүр болдым. Ол уақытта тележүргізуші болуды қатты армандайтынмын. Бұл менің орындалмаған жалғыз арманым”, – деп Есентаева ханым бұл қалауына әлі де қол жеткізе алмай келе жатқанын айтады.

Жұмыстан кеткен соң “Сары салон” атты бағдарламасының жобасын басқа каналдарға ұсынған. Өкінішіне орай, көбі тым сұлу екенін, көрермендерді тек көркімен баулай алатынын айтқан. Осылайша жолы болмаған продюсер ақырында “Таң” арнасына жұмысқа тұрады. Басты арманына қол жеткізе алмаса да, өміріндегі басты жобасының қыздары екенін айтып, бүгінгі жетістігі үшін қатты қуанатынын жасырмайды.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаеваның сұлулық туралы алғашқы видеоблогы жарық көрді

Баян Есентаева ешқашан орамал байлап, тұмшаланбайтынын айтты

Баян Есентаева: Қызтекелер біздің шоу-бизнесте жетерлік

Баян Есентаева орындалмай қалған арманы жайлы айтты

Талқылау