Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаеваның сұлулық туралы алғашқы видеоблогы жарық көрді

Елімізге танымал продюсер Баян Есентаева YouTube видеолар желісінде өзінің жеке блогын жүргізетіні туралы айтқан болатын. Продюсерге тиесілі “Jana Channel” арнасында тіркелушілер саны көбейіп, Баян Мақсатқызы өзінің алғашқы блогын жариялады.

image

Фото: instagram.com/bayanyessentayeva_/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Есентаева сұлулыққа қатысты өзіне жиі сұрақ қойылатынын айтады. Әр адамға жеке-жеке жауап беріп отырмас үшін, продюсер бет терісіне қалай күтім жасап, жаттығу залында немен айналысатынын баяндайтын видеороликтер түсірмек болып, уәдесінде тұрды. Қазірдің өзінде бет тазалығы, фитнес залдағы жаттығуларға қатысты бірнеше видео дайындап қойған.

“Баршаңызға, сәлем! Әйтеуір өзімнің сұлулық сырыммен бөлісетін уақыт таптым ғой. Мен шексіз бақыттымын. Бірде менен “Мейірімділік деген не?” деп сұраған еді. Меніңше, бұл – өз білгеніңді өзгелермен бөлісу. Мен сіздермен құпияммен бөлісемін. Шындығында, мұны құпия деп те айтуға келмейді”, – деп продюсер өзінің дүкен кеңесшілеріне қарағанда, косметикаға байланысты сұрақтарды әлдеқайда жақсырақ түсіндіретінін айтып өтті.

Аталған арнада Есентаева жобаларының бейнебаяндары көрсетіліп жатыр. Ол алдағы уақытта фитнес залдағы жаттығуларының нәтижесімен бөліспек ниетте. Ал продюсердің бірінші блогын арнаның “бағдарламалар” бөлімінен көре аласыздар.


Оқи отырыңыз:

Баян Есентаева YouTube видеолар желісінде өзінің жеке блогын жүргізбек

Асылхан Төлепов Баян Есентаеваға күйеу бала болмақ

Баян Есентаева: Қызтекелер біздің шоу-бизнесте жетерлік

Баян Есентаева әнші Луина мен Ерке Есмаханның дуэтін әзілге айналдырды

Баян Есентаева Астана қаласына күзде көшуді жоспарлап отыр

 

Талқылау