Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева YouTube видеолар желісінде өзінің жеке блогын жүргізбек

Елімізге танымал продюсер Баян Есентаева YouTube видеолар желісінде өзінің жеке блогын жүргізбек. Аталған блогтарда продюсер сұлулығының құпиясымен бөлісетін болады.

c94efe57ddf94720215f22f1d81c10dc-og

Фото: forbes.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Есентаева сұлулыққа қатысты өзіне жиі сұрақ қойылатынын айтады. Әр адамға бір-бірден жауап беріп отырмас үшін, продюсер бет терісіне қалай күтім жасап, жаттығу залында немен айналысатынын баяндайтын видео роликтер түсірмек.

“Құрметті қыздар мен әйелдер! Біз барлығымыз да әдемі болып, мәңгілік сұлулықтың құпиясын игергіміз келеді. Жақын күндердің бірінде “JANA CHANNEL” каналында видео блогтарымды бастамақ ниеттемін. Бірақ оны бастау үшін маған үлкен аудитория керек. Сол себепті процессті жылдамдатып, YouTube видеолар желісіндегі “JANA CHANELL” каналына жазылайық”, – дейді Баян Есентаева.

Аталған каналда әзірге Есентаева жобаларының бейнебаяндары көрсетіліп жатыр. Продюсердің сөзіне сенсек, ол пластикалық ота мен екпе дәрілерге толықтай қарсы.

12407190_838538019608179_197776618_n

Жақын күндердің бірінде продюсер өзінің инстаграмдағы парақшасына иекке арналған корсетті тестілеуден өткізіп жатқан суретін жариялады. Аталған маска беттің ісігенін қайтарып, иек астындағы майды кетіретін көрінеді. Екі аптадан кейін нәтижесін көрсетуге уәде берді. Мұнымен қатар, күн сайын түрлі маска жасап тұруға кеңес берді.


Оқи отырыңыз:

Асылхан Төлепов Баян Есентаеваға күйеу бала болмақ

Баян Есентаева өзіне өтініш білдірген жігіттің бетін қайтарды

Баян Есентаева ешқашан орамал байлап, тұмшаланбайтынын айтты

Талқылау