Баян Есентаева байқау ұйымдастырғанын ұмытып кеткен

Бейсенбі, 5 Мамыр , 2016 10:05

Елімізге танымал продюсер Баян Есентаева небәрі 10 күнге жоспарлаған байқаудың қорытындысын жариялауды ұмытып кеткен. Ол желі қолданушыларынан кешірім сұрап, жеңімпазға 100 мың теңгесін міндетті түрде табыстайтынын айтты.

thumb_4837

Фото: look.tm

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Есентаева 15 сәуір күні өнерпаздар арасында тағы бір байқау жариялады. Аталған байқаудың он күнге созылып, жеңімпазға ақшалай сыйлық беретінін айтты. Десе де, байқау ұйымдастырғанын ұмытып, нәтижесін арада жиырма күн өткен соң бірақ жариялады.

Байқау шартына сәйкес, қатысушылар #рухтыарукавер хэштегімен “Рухты ару” әнінің түрлі жанрдағы кавер нұсқасын продюсерге жолдаған. Артынша байқау нәтижесі жарияланатын уақыттың келгенін қатысушылардың өздері еске салса керек. Продюсер бәрінен кешірім сұрады.

“Достар! Мен мүлдем ұмытып кетіппін, кешіріңдер! Байқау жеңімпазын баяғыда таңдап қойған болатынмын. Ол – Омарова Назерке. Оның талантталығы соншалық, мен күнде оның парақшасын бақылап отырамын. Телефоныңызды қалдырыңыз, сізге міндетті түрде хабарласамыз. Құттықтаймын!” – дейді Есентаева.

ЖОО-лардың бірінде білімін шыңдап жүрген бойжеткен жеңісіне қуанышты. “Көпшілік мені белгілеген екен. Өзім осылай айтуды жөн көрдім. Былайынша, барымды салдым десем де болады”, – дейді Назерке Омарова.

Желі қолданушылары атыраулық бойжеткеннің талантын мойындап, продюсердің алдағы уақытта оған бағыт-бағдар сілтейтінін айтып жатыр. Алайда Баян Мақсатқызы бұл туралы сөз қозғамаған. Әзірге ақшалай сыйлықтың бойжеткенге табысталған-табысталмағаны белгісіз.


Оқи отырыңыз:

Баян Есентаева тағы да байқау ұйымдастырды

Баян Есентаева: “Байқау ерекше танымал болады деп күтпедім”

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар