Әсел Ақбарова күтпеген жерден Баян Есентаеваны алмастырды

Бейсенбі, 9 Маусым , 2016 8:38

Асқар Ұзабаевтың “ Гламур для дур” фильмінде басты рөлді Баян Есентаева сомдамайтын болды. Продюсер түсірілімге үлгермейтіндіктен, режиссер бұл рөлді танымал тележүргізуші Әсел Ақбароваға ұсынған.

новый коллаж

Бұл туралы Comode.kz хабарлайды.

“Гламур для дур” атты комедия – талантты продюсер Асқар Ұзабаевтың кезекті туындысы. Ол екі жыл қатарынан толық метражды фильм түсірмеген екен. Сюжеті бойынша ауыл қызы өзінің қалаға кеткен әпкесін іздеугі шығады. Әпкесі бірнеше жыл бұрын ауылдан кетіп, туған-туысқандарын ұмытқан-ды. Осылайша Ұлжан қыз қалада түрлі қызықты оқиғаға тап болады. Бейтаныс жігітке ғашық болады.

Бибі есімді іскер әйелдің рөлін Баян Есентаева сомдауы тиіс болатын. Осы күнге дейін Ұзабаев пен Есентаева “Ғашық жүрек”, “Байқа, сиыр!”, “Тракторшының махаббаты”, “Махаббатым жүрегімде” сынды жобаларды бірігіп дүниеге әкелген.

Аталған фильмнің түсірілім жұмыстары маусымның 7-сі күні Баян Есентаева Тбилисиден келе салысымен басталуы тиіс болатын. Алайда продюсер келіскен мерзімге келе алмаған. Сол себепті Асқар Ұзабаев бұл рөлді қазақстандық танымал тележүргізуші Әсел Ақбароваға ұсынған.

Ақбарова дәл қазір “Хабар” арнасында “Біздің үй” бағдарламасын жүргізеді. Ол көп жыл қатарынан тікелей эфирде жаңалықтар жүргізді. Мұнымен қатар, Ақбарова киноиндустрия саласына жастайынан қызыққан екен. Ол “Астанадағы қиылыс”, “Зауал” сынды телехикаяларға түсіп үлгерген. Бірақ толық метражды фильмге алғаш рет түспек.

“Баян Есентаеваны жақсы танимын. Оның еңбегі мен кәсібилігін ерекше бағалаймын. Бірақ режиссердің шешемі мен Баян ханымның әрекетіне қатысты ешнәрсе айта алмаймын”, – дейді Ақбарова.

“Гламур для дур” фильмінің түсірілімі 30 күнге созылады. Ал көрермендерге қашан жол тартатыны әзірге белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева “Гламур для дур” комедиялық фильміне түспек

Баян Есентаева жұртқа хан сарайындай үйін көрсетті (видео)

Есентаева КешYOU концертіне Мөлдір мен Жанардың не себепті қатыспағанын түсіндірді

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Жұмбақ жан
7 ай 3 күні кері

Асел сəттілік сізге!!!

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар