"Кешірім сұрауды талап еткен": Желіде атыраулық қыздардың бойжеткенді ұрып-соққан видеосы тарады (видео)
Әлеуметтік желіде Атырауда екі қыздың бір бойжеткенді ұрып-соққан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Атыраудағы "Береке" шағын ауданында болған. Кадрлардан қыздың айқайлап, кешірім сұрауды талап еткенін байқауға болады.
"Кешірім сұра! Тез!", – дейді ол.
"Енді айтпаймын. Кешіріңіз! Енді қайталанбайды", – дейді бетінен қатты соққы алған екінші қыз.
Атырау облыстық полиция департаменті видеодағы барлық күдіктілер анықталып, ұсталғанын мәлімдеді. Озбырлыққа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр екен. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"