Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенжебек Жанәбілов: Шашты “тықырлатып” алдыруды дәстүрге айналдырғым келеді

Кенжебек Жанәбілов соңғы шыққан «Махаббат жасқа қарамайды» атты әні туралы айтып берді. Мұнымен қатар, ол шашты «тықырлатып» алдыруды дәстүрге айналдырғысы келетінін жеткізді.

18722593_433369403702147_5294864205386612736_n

Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды.

– Соңғы жаңалықтарыңызды бөлісе отырсаңыз.

– Қайнар Алагөзөвтың келіншегі жақында босанған. Есімін «Әлихан» деп қойдық. Бұл атты барлығы ұнататын сияқты. Себебі, жеңгелерім босанған кезде, есімдерін Әлихан деп қоюды сұрайтын едім. Ертең Құдай жарылқап шаңырағымыз бір адаммен толығып жатса, неге есімін Әлихан деп қоймасқа?! Қазақ өте ырымшыл халықпыз ғой. Әлихан Бөкейхановтың қандай қаһарман адам болғанын жақсы білесіздер.

– Жуырда «Махаббат жасқа қарамайды» атты жаңа әніңіз шықты.  Бұл сөзге қатысты сіздің пікіріңіз қандай?

– Махаббат жасқа қарамайды. Себебі, көңіл мен жүрек қалауы алда жүреді. Махаббат жасқа қарамайды деген әннің сөзінде «Әр адам бақытын табу үшін ештеңеге қарамайды» деген ой айтылған.

– Қысқы демалыста шаштарыңызды «тықырлатып» алдырып тастауға келіскен болатынсыздар. Алдағы демалыста қандай түбегейлі өзгеріс жасамақсыздар?

– Араға 2-3 жыл салып, шашты “тықырлатып” алдырып тастауды дәстүрге айналдырғым келіп тұр. Басыңа ауа кіреді, қан айналымы жақсарады деп жарнама жасағым келеді. Менің шашым қалың болғандықтан, басыма суық тие бермейді. Шашымды алдырып тастаған соң ұзақ уақыт қалпақ киіп жүрдім. Имиджім өзгеріп, көпшілікке ұнап жатты.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергенов саяси білімінің төмен екенін айтты

Димаш Құдайбергенов: Альбомымның қай тілде болатынын шеше алмай жүрмін

Бағлан Жасұлан Базарбаев жайлы: Денесі- үлкен, санасы-баланікі

Қайрат Нұртас әндерін түрік және ағылшын тілдеріне аудармақ

Талқылау