Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Кентаудағы өнеркәсіптік аймақ төтенше жағдайдағы экологиялық аумақ деп танылды

Фото: t.me/kentau_akimdigi

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Түркістан облысы Кентау қаласының өнеркәсіп аймағы аумағын төтенше жағдайдағы экологиялық аймақ деп жариялау туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Түркістан облысы Кентау қаласының солтүстігінен шектесетін, 900 гектар аумақты қамтитын өнеркәсіп аймағында төтенше жағдайдағы экологиялық аймағының қолданылу мерзімі – 2075 жылдың 1 қаңтарына дейін", – делінген бұйрықта.

Осыған байланысты:

  1. Түркістан облысының әкімдігіне кіріп-шығуға шектеу енгізуге;
  2. Жаңа құрылыс пен өндірісті кеңейтуді тоқтатуға;
  3. Қажет болған жағдайда тұрғындарды көшіруге;
  4. Шипажайлық және экологиялық жағынан қауіпті нысандарды орналастыруға;
  5. Қоршаған ортаға қауіп төндіретін кез келген қызмет түрлеріне тыйым салу тапсырылды.

Сондай-ақ Кентау өнеркәсіптік аймағындағы экологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар әзірлеу және төтенше жағдай аймағында тұрақты экологиялық мониторингті қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді.

Аталған аумақта халық тұрмайтыны нақты көрсетілген.

Өткен жылдың қараша айында Түркістан облысының әкімі Денсаулық сақтау және Экология министрліктерінің комиссиялары зерттеу жүргізіп, Түркістан облысындағы Кентауды экологиялық апат аймағы деп тануға болатынын мойындаған еді. Мұндай шешім тұрғындарға жалақыға қоса үстемақы алуға мүмкіндік береді. Алайда ол үшін 6 миллиард теңге қажет.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025 08:15
Талқылау