Кентауда тамақтану орнында газ жарылып, бір адам қаза тапты (видео)

Түркістан облысы, Кентау қаласында 1 қаңтар күні түнде өрт болып, бір адам қаза тапты. Мәліметке сәйкес, тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасы жарылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Апат салдарынан аспаз болып жұмыс істеген 18 жастағы қыз қаза тапты. Оқиға орнынан тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуінің жағдайы ауыр, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Атырауда үш адам газдан уланып қайтыс болды
Қазақстанда сұйытылған газдың көтерме бағасы 2026 жылғы шілде айына дейін бекітілді
Түркістан облысының әкімі Нұрлан Көшеров оқиға орнына барып, шұғыл жиын өткізді. Аймақ басшысы жағдайды жеке бақылауына алды. Қазір оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Аталған дерек бойынша тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте 8 адам көмірқышқыл газдан уланып қалғаны туралы жазған едік.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі