Кентал тікелей эфирде өз әнін нашар орындағаны үшін халықтан кешірім сұрады (видео)
Әнші Кентал «МузАрт live» жобасының тікелей эфирінде өзінің репертуарындағы «Перизат» әнін қатысушылардың бірімен бірге орындады. Алайда тыңдармандар оны өз әнін нашар орындағаны үшін сынап тастады. Әнші тыңдармандарымен толықтай келісетінін, расында да әнді төмен деңгейде орындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
4 желоқсан күні өткен тікелей эфир барысында жоба қатысушылары отандық эстрада жұлдыздарымен бірлесіп ән орындады. Қатысушы Еркебұлан Амантай Кенталмен бірге әншінің «Перизат» әнін орындады. Жобаны тамашалаған көрермендердің басым көпшілігі Кенталдың өз әнін өте төмен деңгейде орындағанын айтып сынаған. Әнші тыңдармандарына жауап берді.
Өз сөзінде Кентал сол күні қатты ауырып тұрғанын, алайда жоба ұйымдастырушыларын ұятқа қалдырмау мақсатында сахнаға шыққанын айтты. Сондай-ақ, болған іске өкінетінін жеткізген әнші ол үшін халықтан кешірім сұрады.
“Сіздермен келісемін, өзімнің авторлық туындымды өте төмен деңгейде орындадым. Бірақ мен де адам баласымын. Қатты ауырып тұрмын, сол сәтте де дене қызуым көтеріліп, тамағым да ауырып тұрды. Кәсіби тұрғыдан сахнаға шығуға бас тартуыма болар еді. Бірақ жоба ұйымдастырушыларын жерге қарата алмадым. Сахнаға шығуыма тура келді. Бұл тікелей эфир болатын”, – деп түсіндірді әнші.
Айта кетейік, Кенталмен бірге ән айтқан Еркебұлан Амантай бұл күні жобамен қош айтысты.
Жіберіп алмаңыз:
Кенталдың романтикаға толы бейнебаяны тыңдармандардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғали: «МузАрттың» ізбасарларынан құрылатын топпен алғашқы дуэтті мен айтамын (видео)
Жанна Әбуова елдің сүйікті әншісінің тоқалы болып оған ұл туып бергенін мойындады
Түркия әншісі Бурай: Отбасым бар, бірақ қазақ қызынан тоқал алғым келеді