Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанна Әбуова елдің сүйікті әншісінің тоқалы болып оған ұл туып бергенін мойындады

Танымал қазақстандық продюсер Жанна Әбуова алғаш рет ұлының әкесі туралы сөз етті. Ол жалғыз ұлының әкесіне заңды түрде тұрмысқа шықпағанын, тек мұсылманша некелерін қидырғанын айтты. Яғни Әбуова танымал тұлғаның тоқалы болғанын, оған ұл туып бергенін мойындады. Алайда бүгінде оның ұлы Иманәлі әкесінің кім екенін де білмейді, онымен көріспейді, араласпайды. Әкесі де анасын тастап кеткелі бері оны іздеп келмепті.

абуова с сыном

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

Продюсер ұлының әкесінің елімізге танымал эстрада жұлдызы екенін, оны бүкіл халық сүйіп тыңдайтынын айтты.

«Ұлымды жалғыз өсіруден басқа амалым жоқ. Иә, мен оның әкесінің орнын баса алмаймын. Бірақ бала кезімде мен сезген нәрселерді ұлым сезбеу үшін барымды саламын. Ұлымның бір адамға керексіз екенін біліп өскенін, сезгенін қаламаймын. Әкесі ұлымыздың дүниеге келуін қалады. Бірақ кейде өмірде барлығы біз ойлағандай болмайды. Иманәлінің әкесіз өсуіне алып келген жағдайлар болды. Мен оның әйелі болдым. Әйелі болған кезімде бала туып бердім. Мұсылманша некеміз қиылған. Аллаға шүкір, ұлым заңды дүниеге келген», – деді Әбуова.

Алайда продюсер ұлының әкесіне заң жүзінде тұрмысқа шықпаған. Себебі ол отбасылы азамат болған. Айтуынша, танымал әншінің әйелі оның күйеуімен қарым-қатынасынан хабарсыз.

«Алланың қалауымен білмей-ақ қойса деймін. Мен ол әйелдің де, баламның әкесінің де өмірін құртқым келмейді. Ал екеуміз қарым-қатынасымыз жайлы ел біле бастаған соң айырылысып кеттік. Оның бірінші отбасы бұзылса, өзімді ешқашан кешірмес едім. Қыздарға айтарым, ешкімнің екінші әйелі болуға келіспесін. Ал менің келіскен себебім – оның сендіре, жеткізе айтқан жалған әңгімелері. «Бірінші әйелімді сүймеймін. Енді тек сені сүйемін» деп айтатын. Ал мен жас қыздар сияқты соған сеніп қалдым. Оның жалған екенін ұлым дүниеге келген соң сездім. Оның көзқарасы, маған сөйлеуі, мінезі, қылықтары – бәрі-бәрі өзгеріп кетті. Ол кезде оның мені де, ұлымды да қаламайтынын түсіндім. «Кете бер, жолың болсын» дедім. Ол «сенің де жолың болсын» деп жауап қайтарды», – деп ағынан жарылды танымал продюсер.

Жанна Әбуова ұлының әкесімен 2013 жылы айырылысқанын, содан бері оның өз перзентін іздемегенін, қаржылық жағынан да көмектеспегенін айтты.

Алайда Әбуова оның есімін атауды болашақтың еншісіне қалдырды.

«Иә, ол өте танымал адам. Президент емес, бірақ танымал. Ол да шоу-бизнес әлемінен. Бір ортада жүргендіктен кездесіп қалатын кездеріміз де болады. Бірақ таныс емес адамдардай өтіп кетеміз. Қазақ халқы қатты жақсы көретін әнші. Баламның әкесінің кім екенін айтамын, тек қазір емес. Алдымен ұлым өсіп, бұл оған керек пе, соны шешіп алсын. Шамамен жасы 15-16-ға жетсін. Өз бетімен шешім қабылдайтындай жасқа жеткен соң ақылдасып шешеміз»,- деп мәлімдеді Жанна Әбуова.

Жіберіп алмаңыз:

Анасы Қыдырәлі Болмановтың бір кездері Қайрат Нұртасқа продюсер болмай қойғанын айтты

Тоқтар Серіков: Алла берген үш ұлымды халыққа көрсетіп мақтанғым келеді

Татуласқан Жұлдызай мен Тука сахнада бірігіп өнер көрсетпек

Сиви Махмұди “істер ісі жоқ байдың қызы” деп айыптағандарға жауап берді

Талқылау