Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия әншісі Бурай: Отбасым бар, бірақ қазақ қызынан тоқал алғым келеді

Жуырда ғана елімізде қонақта болып қайтқан түрік әншісі Бурай қазақ қыздарының сұлулығына қайран қалғанын айтты. Түрік әншісі өз отанында отбасы, әйелі мен балаларының бар екенін, алайда қазақ қызынан тоқал алғысы келетінін жеткізді.

бураймюзик

Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

«Қазақ еліне келгеніме өте қуаныштымын. Адамдары жылы жүзді екен. Ұшақтан түскен кезде бірінші көргенім – қазақтың сұлу қыздары. Бұрындары қазақ қыздарының әдемі екенін жиі еститінмін. Жолдастарымның айтқаны шын болып шықты. Негізі менің бала-шағам, сүйген жарым да бар. Бірақ қазақ қыздарына ғашық болғаным соншалық, тағы бір рет үйленсем бе деген арам ой келді. Естуімше, сіздерде 4 әйелге дейін алуға болады екен. Мен де қазақ қызын тоқал ретінде Түркияға алып кетсем арман жоқ қой, шіркін!» – деп пікір білдірді әнші сұхбат беру барысында.

Бурайдың айтуынша, оның қазақ қыздарына деген махаббатын ашқан қазақстандық әріптестері – Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі. Айтпақшы, дәл осы екі хитменмен жуырда Бурай бірігіп ән салды.

«Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің шығармашылығымен бұрыннан таныспын. Әндеріміз де ұқсас. Жалпы қазақ қыздарына деген махаббат осы екі жігіттің арқасында туса керек», – деп түсіндірді Бурай.

Жіберіп алмаңыз:

Жанна Әбуова елдің сүйікті әншісінің тоқалы болып оған ұл туып бергенін мойындады

Кенталдың романтикаға толы бейнебаяны тыңдармандардың жүрегін елжіретті (видео)

Аида Қауменова Меруерт Түсіпбаева екеуінің арасындағы даудың қалай шешілгенін айтып берді

Анасы Қыдырәлі Болмановтың бір кездері Қайрат Нұртасқа продюсер болмай қойғанын айтты

Талқылау