АҚШ пен Ресей келіссөздерінің екінші кезеңі: Трамп уақыты пен орынын атады
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы әскери қақтығысты тоқтату бойынша Америка мен ресейлік дипломаттар арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі қашан болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еuronews порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Трамп Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздер 25 ақпанда Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтетінін мәлімдеді.
Екі мемлекет өкілдері арасындағы келіссөздердің бірінші кезеңі 18 ақпанда өткен еді. Ресей делегациясын Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров, ал АҚШ-ты мемлекеттік хатшы Марко Рубио басқарды. Тараптар Мәскеу мен Вашингтон арасындағы екіжақты қатынастарды жақсарту, сондай-ақ Украинадағы әскери қақтығысты реттеу мәселелерін талқылады.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп Зеленскийді "диктатор" деп атап, елін сақтап қалғысы келсе тез соғысты тоқтатуды талап еткен болатын.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген