Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кениялық спортшы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын сыйлады

Фото: Sports.kz

Жеңіл атлет Нора Жеруто Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

31 мамырда спортшы 5000 метрге жүгіру финалында жеңіске жетті.

Джерутоның мәреге жету уақыты – 14:58,71.

Екінші орын үндістандық спортшы Парул Чаудхариға бұйырды. Ол 15:15.33-те жетті. Үздік үштікті жапон Юма Ямамото түйіндеді – 15:16.86.

Қазақстан құрамасының қоржынында қазір алты медаль бар. Бірінші орынға Нора Джеруто (3000 метр кедергімен жүгіру), Дейзи Джепкемей (10 000 метр) ие болды. Екінші орын Елизавета Матвееваға (биіктікке секіру) бұйырды. Үшінші орынды Джепкемей (3000 метр кедергімен жүгіру), Ясмина Тоқсанбаева (20 шақырымдық жүгіру) иеленді.

Бұған дейін, алғашқы жүлдені 20 шақырымдық қашықтықта жарыс жолына шыққан Ясмина Тоқсанбаева қола медаль иеленген болатын. Ал алғашқы алтын медальді Дейзи Джепкемей 10 метрге жүгіруден ұтса, тағы бір кениялық легионер Нора Джеруто екінші алтын жүлдені жеңген еді.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 31 Мамыр, 2025 15:46
Талқылау