Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кеңес - Қазақстанда жаңа жергілікті өзін-өзі басқару органы пайда болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда  жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа органы – кеңестер құрылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа органына – кеңеске жүктелетін міндеттерге арнайы тоқталды.

“Кеңес – бұл түбегейлі жаңа институт. Ол шешім қабылдау және бақылау сияқты нақты ықпал ету тетіктеріне ие болуы тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару органына кейбір жергілікті салықтар бойынша бекітілген мөлшерлеме аясының шегінде түзету енгізу құқығын беру маңызды жаңалық болмақ. Бұл ретте дәл осы кеңес ауылдағы нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты шешім қабылдайды. Яғни бизнес өкілдерін тарту үшін фискальді кірістің барынша көп болғаны қажет пе әлде салықтың мейлінше төмен болғаны керек пе оны кеңес өзі айқындайды. Аталған құжатты дайындау және кең ауқымда талқылау үшін жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, жалпы оны қолдау керек деп ойлаймын”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы үкіметке жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітуге енгізуді тапсырды.

Гүлдана Қазтай
Бейсенбі, 01 Шілде, 2021 20:49
Талқылау