Күзетші Кемеровода өртенген сауда орталығының өрт дабылын сөндіріп тастаған
Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт дабылын өшірген күзетші жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы қылмыстық құқық маманы, сондай-ақ қорғаушы Алексей Синицын РИА Новостиға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Күзетшiнің әрекетi өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарын бұзу туралы бапқа сәйкес белгiленуi мүмкiн. Бұл қылмыс өте ауыр және оны жасаған азамат жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деп түсіндірді Синицын.
Қорғаушының айтуынша, осы бапқа сәйкес қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде қаза болғандардың саны екі адамнан асқан жағдайда құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Бұған дейін Ресей Федерациясының Тергеу комитеті өрт кезінде бұзушылық жасаған күзетшіні ұстау туралы мәселенің шешіліп жатқанын хабарлаған еді.
Айта кету керек, бұл өртенген сауда орталығының қызметкерлері тарапынан жасалған жалғыз бұзушылық емес. Сонымен қатар қайғылы жағдай орын алған «Зимняя Вишня» сауда ойын-сауық орталығында өрт сөндіргіш құралдардың болмағаны да анықталды.
«Мен алты ай осында жұмыс істеп жүріп өрт сөндіргіштерді көрмеппін. Тіпті қызыл жалын тұтанған кезде, өрт дабылы да ойнамады. Бір ай бұрын бізде дайындық эвакуациясы болды. Сол кезде өрт дабылын қосып тектерген еді. Ол өте жақсы істеп тұрған, оған қоса дабыл да ұзақ ойнады. Бұл жолы дабылдың неліктен ойнамағанын білмеймін»,- деп мәлімдеді сауда орталығының қызметшісі.
Сонымен қатар, сауда орталығының қызметкері апаттық есікті ешқашан пайдаланбағанын және оның дайындық жаттығулары барысында да жабық болғанын айтты.
«Өрт кезінде ғимараттың ішіндегілер орталық есіктен ғана шықты. Ал қалған есіктер құлыпталып тұрғандықтан оларды ешкім пайдаланған жоқ», – деп келтірді куәгердің сөзін басылым.
Жіберіп алмаңыз:
Путин: Кемероводағы өрт немқұрайлық пен тәртіпсіздік себебінен болған
Ер адам опасыздық жасаған әйеліне 100 рет дүре соғып, жерлестеріне зорлатқан
Кемероводағы қайғылы оқиғадан кейін Кузбасста үшкүндік аза тұту жарияланды
Кемеровода терезеден секіріп өрттен аман қалған баланың жақындары түгел көз жұмған