Кемеровода терезеден секіріп өрттен аман қалған баланың жақындары түгел көз жұмған

Кемероводағы өрт кезінде 4-қабаттан секіріп аман қалған бала түрлі жарақаттарымен ауруханада жатыр.

11 жастағы Сергейдің әжесі құрбан болғандар арасынан баланың әкесі мен әпкесінің мүрдесін таныды. Әкесі баласын 4-қабаттан төменге итерген. Болжам бойынша, бұл отбасы орталыққа бас киім алмақ болып кірген. Кейіннен аздап көңіл көтермек болып кідіріпті.

Осы кезде өрт басталып, 11 жасар Сергейден өзге ешкім ғимараттан шыға алмай қалған. Қазір оның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

Айта кетейік, өрт жексенбі күні, 25 наурызда, күндіз басталған. Жалын балалар ойыншығы тұрған жоғарғы қабаттан басталды. Жоғарғы қабатта балаларға арналған аттракцион мен кинотеатр болған.

Ресейдің төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Владимир Пучков өрттен көз жұмғандар саны 64 адамға жеткенін мәлімдеді.

Тағы да оқыңыз:

Қош болыңдар, біз жанып барамыз: Кемероводағы өрттен көз жұмған 13 жасар қыздың соңғы сөзі елді жылатты

Кемероводағы өрт: Орталық қызметкерлері балаларды құтқармақ болған еріктілерге кедергі болған

Қазақтар Криштиану Роналдуға шапан жапты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар