Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кемероводағы өрт: Орталық қызметкерлері балаларды құтқармақ болған еріктілерге кедергі болған

Кемеровтегі өрт болған “Зимняя вишня» орталығының қызметкерлері балаларды құтқармақ болған еріктілерге кедергі келтірген.

Бұл туралы RT агенттігіне куәгерлердің бірі хабалады.

«Жігіттердің балаларды көтеріп шыққанын көрдім. Менің де жігітім солардың арасында болған. Олар кинотеатрға кірмек болғанда, қызметкерлер ол жақта балалардың жоқ екенін айтқан», – дейді куәгер қыз.

Қыздың айтуынша, қызметкерлердің айтқаны жалған болып шықты.

«Балалар соңғы демі қалғанша күресті. Ыстан уланбау үшін мұрындарын жауып алды. Бірақ кейіннен ол жерде балалардың болғаны анықталды. Яңни, бізді алдаған. Олардың балаларды құтқарып қалуына болатын еді», – дейді куәгер.

Айта кетейік, өрт жексенбі күні, 25 наурызда, күндіз басталған. Жалын балалар ойыншығы тұрған жоғарғы қабаттан басталды. Жоғарғы қабатта балаларға арналған аттракцион мен кинотеатр болған.

Ресейдің төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Владимир Пучков өрттен көз жұмғандар саны 64 адамға жеткенін мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз:

СІМ: Кемероводағы өрттен қаза болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ

Ақтөбеде сотталып жатқан азамат ернін тігіп тастап аштық жариялады

Қазақстандық сауда орталықтары Ресейде болған қайғылы оқиғадан кейін де тексерілмейтін болды

Алматыда қызды 1 миллион теңгеге сату туралы хабарландыру шықты

Талқылау