Залал 486,1 миллиард теңге: Қазақстанның қай өңірінде сыбайлас жемқорлық көп тараған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстанның қай өңірінде пара жиі беріліп, алынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттік мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда 1 346 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, оның 1015-і (75 пайызы) сыбайлас жемқорлыққа қатысты.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көбі Астана (155 оқиға), Шымкент (89) және Алматы (66) қалаларында тіркелген. Сондай-ақ Алматы облысы (68) және Абай облысы да (54) бар.
Тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар саны бойынша өңірлер арасында көшбасшылар мыналар:
- Астана – 155;
- Шымкент – 89;
- Алматы – 66;
- Алматы облысы – 68;
- Абай облысы – 54;
- Шығыс Қазақстан облысы – 53;
- Павлодар облысы – 51;
- Түркістан облысы – 49;
- Қарағанды облысы – 47;
- Жамбыл облысы – 45;
- Қызылорда және Қостанай облыстары – 44-тен;
- Ақтөбе облысы – 41;
- Атырау облысы – 34;
- Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары – әрқайсысы 30;
- Ақмола облысы – 24;
- Маңғыстау облысы – 22;
- Жетісу облысы – 49;
- Ұлытау облысы – 20.
Сотталғандар саны және мемлекетке келтірілген зиян
Агенттік мәліметінше, 2024 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін 988 адам жауапкершілікке тартылды. Олар мына баптар бойынша жазаланды:
- Қылмыстық кодекстің 361-бабы (Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша – 52;
- 366-бап бойынша (Пара алу) – 260;
- 367-бап бойынша (Пара беру) – 348;
- 368-бап бойынша (Парақорлыққа делдал болу) – 30.
2024 жылы сотталғандардың жалпы саны 914 адам болса, оның ішінде ең көбі Қылмыстық кодекстің 367 (297 іс) және 366 (242 іс) баптары бойынша сотталған. Сондай-ақ 128 адам Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша ұрлық жасағаны үшін сотталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеген істер бойынша 660 адам сотталды. Олардың ішінде:
- 361-бап бойынша – 31;
- Пара алу баптары бойынша – 457 (366-187, 367-238, 368-32-баптар);
- Басқа сыбайлас жемқорлық баптары бойынша – 172.
Аяқталған сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бойынша мемлекетке келтірілген залал 486,1 миллиард теңге.
Мемлекеттік органдар мен қызмет салаларында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағандар:
- әкімдік қызметкерлері – 223;
- квазимемлекеттік сектор қызметкерлері – 106;
- ішкі істер органдарының қызметкерлері – 102;
- Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері – 29;
- Қаржы министрлігінің қызметкерлері – 28;
- Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері – 14.
Сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім салаларға мыналар жатады:
- білім – 154 сотталған;
- ауыл шаруашылығы – 63;
- денсаулық сақтау – 49;
- Әлеуметтік қамсыздандыру – 48.
Үш жыл көрсеткіші:
2022 жылдан 2024 жылға дейін сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 9 пайызға, яғни 1 118-ден 1 015 іске дейін төмендеді:
- 2022 – 1 118;
- 2023 – 1 099;
- 2024 жыл – 1 015 жыл.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында спорт басқармасының экс-басшысы Айбол Күлбаев пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
