Келіншек сырын қайын жұртына жайып, күйеуімен ажырастырған абысынына ренжулі
Жас келіншек сырын қайын жұртына жайып, күйеуімен ажырастырған абысынына ренжіп жүр. Мұнымен қатар, енесі үйге келіп, оған күн көрсетпей қойған екен.
Фото: Sputnik Казахстан
Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.
«Естеріңізде болса, осыдан екі ай бұрын «Баламды бергім келмей қалды» тақырыбымен хат жолдаған болатынмын. Бір жасқа толған баламды енем алмақ болды. Осы мәселені туысқан абысына ашып айтып бердім. Сол абысыным барлығын күйеуімнің туысқандарына айтып берген екен. Мұны естіген күйеуім ештеңе түсіндірместен, дүниемді жинап, әке-шешемнің үйіне баламыз екеуімізді әкеліп тастады. Әке-шешеме «Таңертең тұрып шай бермейді. Тамақ та жасамайды.
Үйге келсем болды тырысып отырады» деген екен. Шай бермейтінім рас, қалғаны өтірік. Құдай көріп тұр ғой. Қайын әпкем де «Мен інімді басындырмаймын. Заттарыңды жина» деп жазып жіберіпті. Сол күнге дейін күйеуіміз екеуіміз бақытты өмір сүріп жаттық. Баламызды бір-екі жылға енемнің қолына беріп, үй салып болған соң қайтып аламыз деп жүргенбіз. Енем маған ақыл айтудың орнына, үйге келіп алып ұлымен ажырастырды. Ал күйеуім бізді қорғаған жоқ. Әпкесі мен анасының, туысқандарының айтқан сөзін тыңдады. Енді бір аптадан соң ұлымыз бір жасқа толады.
Ал күйеуім маған хабарласпады. Тіпті, баланың жағдайын сұрамады. Отбасымды сақтап қалу үшін баламды енеме беруге келісіп отырғанмын ғой. Енді баламның болашағы үшін алаңдаулымын. Әкесіз өмірі қалай болады екен? Осы сұрақ ойымнан кетер емес. Туысқан абысынымды жақын адамымдай көретін едім. Ол да хабарласпады. Осындай қиын сәтте кімнің кім екенін түсінеді екенсің. Іштей бәрін қарғап жатырмын. Бірақ, ешкімге жаманшылық тілемеймін», – дейді келіншек.
Жіберіп алмаңыз:
Еліміздегі ең жемқор министрліктер мен облыстар жарияланды
Атышулы Мақсат Үсенов салық берешегін төледі
Енді кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан жүргізуші куәлігін алуға болады
Әкемнің басына қап кигізіп қойды: Мұратхан Тоқмадидің қызы тұтқындау сәтін айтып берді