Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келіншегім қызғанады": Ақбота-Нұрмен көзге түскен актер Ермек Шынболатов шаңырақ көтерді

Желіде жеке өмірі жиі талқыланатын актер Ермек Шынболатов шақырақ көтеріп, отау тікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Revue News

 Отандық киножұлдыз "Revue News" бағдарламасына той үстінен сұхбат беріп, әсерін бөлісті. Оның таңдауы шымкенттік Гүлбала есімді аруға түскен. Жастар әлеуметтік желіде танысып, 7 ай бойы кездесіп жүрген. 

“Тойды өз күшіммен және достарымның қолдауымен жасадым. Ең жақын деген 350 адамның басын қостым. Осы маусымдағы табысымның барлығы тойға кетті. Сүйіктіммен кездесу үшін 15 күн сайын ұшаққа билет алып баратынмын. 2-3 күн кездесіп, қайтадан ұшып кететінмін. Бас-аяғы тойға дейін 17 рет кездестік. Ол мені баурап алды. Көзім көрді, жүрегім сезді. Қалыңмалға 4 млн теңге бердім", –  деді актер. 



Оған қоса Шынболатов өзінің Ақбота Сейітмағамбетпен түскен видеосына қатысты пікір білдіріп, өнерде ғана дос екендерін жасырмады. 

"Ол бұл қызға дейін болған түсірілім ғой. Фильм 10 қазанда жарыққа шығады. Сол себепті желіні шулатқан видео тоймен тұспа-тұс келіп қалды. Әрине, келіншегім қызғанады. Бірақ бәрі өз арамызда. Шын жақсы көретін адамдар бір-бірін түсінеді. Махаббат бәрін жеңеді”, – деді киноджұлдыз. 

Талқылау