Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келесі президент өкілеттік мерзімді өзгерте алмайды - министр

Әділет министрі Қанат Мусин келесі президенттің де, келесі парламенттің жаңа мүшелері де президенттік басқару мерзімін және бір реттік басқару заңын өзгерте алмайтындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

конституцияСурет: Sputnik

Президенттің басқару мерзіміне қатысты енгізілген түзетулерді ешкім өзгерте алмайды. Қанат Мусин Конституцияға өзгеріс енгізілмейтін бөлімдерді атап өтті. 

“Президенттік өкілеттік жеті жылға жалғасады және бір рет президент болған адам қайта сайлауға түспейді. Конституцияның ережелері өзгеріссіз қалады және оны ешкім өзгерте алмайды”, – деді ол.

Конституцияның 94 бабы 1-ескертуде өзгертілмейтін ережелер туралы норма бар. Онда елдің аумақтық тұтастығы, Қазақстанның егемендігі, басқару нысаны туралы ережелер жазылған. Енді мұнда президенттік өкілеттік мерзіміне қатысты түзетулер енгізіледі.

"Бұл норманы өзгерту мүмкін емес. Норманың өзгермеуін Конституциялық сот қадағалайды",  – деп түсіндірді министр.

Алайда бұл норма астана атауына қатысты емес. Министр астана атауы өзгере алатынын атап өтті.

Талқылау