Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келер жылы көктемде картоп бағасы 185 теңгеден аспайды

Келер жылы көктемде картоп бағасы 185 теңгеден аспайды

Фото: Ru.freepik.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл картоп өнімі 2,7 миллион тонна болады деген болжам жасады. 5 қыркүйекке дейін 840,2 мың тонна картоп жиналған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Егістіктегі бағалар келісіне 90–120 теңге аралығында, ал бөлшек саудадағы орташа бағасы бір аптада 3,9% төмендеп, 194 теңге болды. Министрліктің мәліметінше, жалпы жылдық қажеттілік 2 млн тонна. Биыл өнім көлемі жақсы болады деп күтіп отырғандықтан, 28 шілдеден бастап картоп экспортына қойылған шектеу алынып тасталды.

“Тамызда туындаған фитосанитариялық сертификаттарды рәсімдеудегі техникалық іркілістер жойылып, ведомство ел ішіндегі тапшылық тәуекелдерін болдырмау үшін экспортты қатаң бақылауда ұстайды”, – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.

Сауда және интеграция министрлігі бағаны тұрақтандыру үшін Картоп және көкөніс өсірушілер одағымен меморандум жасасты. Оған сәйкес, ауыл шаруашылығы өндірушілері әкімдіктердің сұранысы бойынша ішкі нарықты көкөніспен қамтамасыз етеді. 

Қараша айында өнімнің сату бағасы – 145 теңгеден, ал 2026 жылдың көктемінде сақтау шығындарын ескере отырып 185 теңгеден аспайды. Осы сияқты келісімдер тұз бағасын 100 теңгеден 82 теңгеге дейін 18% төмендету үшін “Арал тұз” АҚ-мен бойынша және жұмыртқаның шекті бағасын данасына 55 теңге ету үшін жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен жасалды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 08 Қыркүйек, 2025 09:51
Талқылау