Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жарыста 70 жастағы спортшы қайтыс болды

Владимир КривенцовФото:Informburo.kz

Алматы маңындағы Іле Алатауында өткен Salomon Trail тау жарысында қайғылы оқиға болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарысқа қатысқан 70 жастағы ардагер спортшы Владимир Кривенцов жарыс барысында өзін нашар сезініп, көп ұзамай көз жұмды. Оқиға жарыс басталғаннан кейін болған. Куәгерлердің айтуынша, спортшының жағдайы күрт нашарлаған.

Дереу жеткен медициналық көмекке қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмағанын айтты. Кривенцовті “Медеу” спорт кешеніндегі құтқару пунктіне жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Бұл оқиғаға байланысты жарысты ұйымдастырушылар ресми мәлімдеме жасап, марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтты.

“Владимир Кривенцов көпшілігіміз үшін ерік-жігердің, белсенді өмір салтының жарқын үлгісі еді. Оның жарысқа деген адалдығы мен спортқа деген махаббаты бізді әрдайым жігерлендірді. Марқұмның отбасына, жақындары мен жанашырларына қайғырып көңіл айтамыз”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Владимир Кривенцов – ардагер марафоншы. Ол өзінің тұтас ғұмырында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттаған. Сонымен қатар полиатлон, қысқы көпсайыс жарыстарының бірнеше дүркін жүлдегері.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 20 Қазан, 2025 12:43
Талқылау