Қазақстан көшелерінде ЖИ бар камералар орнатылады: Жүйе адамдардың түрі мен көліктердің нөмірін анықтай алады
Қазақстанда қоғамдық орындарда тәулік бойы бақылау жүргізетін Ұлттық бейнебақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаслан Мадиев дүйсенбі күні өткен тұрақты даму мақсаттарын іске асыру барысын бақылау жөніндегі парламенттік комиссияның XI отырысында сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында цифрлық трансформацияның елдің тұрақты дамуына қосатын үлесі туралы сөз қозғады.
"Болашақта жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, қоғамдық кеңістіктерді тәулік бойы бақылайтын Ұлттық бейнебақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Жүйе адамдардың бет-бейнесін, көлік нөмірлерін автоматты түрде танып, төбелес, адамдардың көп жиналуы немесе қараусыз қалған заттар сияқты күдікті жағдайларды анықтай алады", – деді министр.
Оның айтуынша, мұндай технологиялар қоғамдық қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырып, құқық қорғау органдарының әрекет ету тиімділігін күшейтеді.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге
