Басты жаңалықтар
KEGOC топ-менеджерлері айына 5 миллион теңгеге жуық жалақы алады
Фото: sk.kz
2024 жылы "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (KEGOC) басқарма мен директорлар кеңесіне сыйақы ретінде 650,35 млн теңге төлеген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есеге өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазіргі уақытта KEGOC компаниясының директорлар кеңесі мен басқармасында 12 мүше бар. Олардың бірі басқарма төрағасы Наби Айтжанов екі органның да құрамынына кіреді. Осылайша, қалған 11 топ-менеджердің әрқайсысы KEGOC компаниясынан бір жылда орта есеппен 59,1 миллион теңге алған. Айлық есеппен алғанда бұл 4,93 миллион теңгеге тең.
2024 жылы KEGOC компаниясы топ-менеджментіне төлеген сыйақы көлемі компанияның жылдық таза пайдасының (59,5 миллиард теңге) 1,09%-ын құрады.
Салыстыру үшін ForteBank-те топ-менеджерлер айына орта есеппен 31,9 миллион теңге алады — бұл KEGOC-тен шамамен 6,5 есе көп. Банктегі сыйақы үлесі таза пайданың 2,86%-ды құрайды.
Ал "ҚазМұнайГазда" топ-менеджерлер айына орта есеппен 3,67 миллион теңге алады. Бұл компанияның таза пайдасының 0,0006%-ын құрайды.
Айта кетейіік, 2023 жылы KEGOC компаниясындағы сыйақы мөлшері 420,3 млн теңге болған.
Талқылау

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
Лаура бірнеше рет дәрі қобдишасын сұрағанымен, қонақүйде қарапайым медициналық қобдиша да болмаған

“Ұлдан кешірім сұрамаймын” деді: Желіде "Тайсон қыз" деп танылған кішкентай ару туралы не белгілі
Жасминнің анасы: "Мұғалімі тәртібіне байланысты хабарласты"