Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Энергетиктер күні: KEGOC-та 300-ден астам қызметкер салаға қосқан үлесі үшін марапатталды

KEGOC компаниясында кәсіби мереке – Энергетиктер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бұл күннің артында энергетиктердің жыл бойы атқарған тынымсыз еңбегі жатыр. Елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен халықты үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету – дәл осы еңбектің нәтижесі.

Бүгін бұл еңбек лайықты бағасын алды. Саланың дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Компанияның 316 қызметкері мемлекеттік және салалық наградалармен және корпоративтік белгілермен марапатталды.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында KEGOC компаниясының 17 қызметкері мемлекеттік наградаларға ие болды.

Олардың қатарында:

  • жұмысшы мамандықтарының 2 өкілі "Еңбек даңқы" III дәрежелі орденімен,
  • 12 қызметкер "Ерен еңбегі үшін" медалімен,
  • 2 қызметкер "Құрмет" орденімен,
  • 1 қызметкер "Парасат" орденімен марапатталды.

Жекелеген қызметкерлерге жоғары мемлекеттік наградалар Қазақстан Республикасы Президенті тарапынан Ақордада табысталды.

Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлер "Еңбегі сіңген энергетик" және "Құрметті энергетик" төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің алғыс хаттарымен, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" АҚ-ның наградаларымен марапатталды.

Компания қызметкерлері сондай-ақ ТМД Электр энергетикалық кеңесінің төсбелгілері мен құрмет грамоталарына, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының "Еңбегі сіңген энергетик", "Құрметті энергетик", "Ардагер энергетик" атақтарына, сондай-ақ "KAZENERGY" қауымдастығының наградаларына ие болды.

Сондай-ақ әріптестеріміз "KEGOC" АҚ Еңбегі сіңірген қызметкер" төсбелгісімен, сондай-ақ құрмет және алғыс наградаларымен марапатталды. Энергетиктер күні – бұл күнтізбедегі жай ғана дата емес. Бұл – елдің энергетикалық қауіпсіздігін күн сайын қамтамасыз етіп жүрген жандардың табандылығына, командалық рухына және жоғары жауапкершілігіне көрсетілген құрмет.

Барша энергетиктерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

STAN.KZ
Дүйсенбі, 22 Желтоқсан, 2025 13:38