KEGOC: Қазақстанда электр қуатының жаппай сөнуіне майнерлердің қатысы жоқ
Қазақстанның оңтүстік аймағында электр қуатының жаппай сөнуіне әкеліп соққан апатқа майнинг өндірісінің қатысы жоқ деп мәлімдеді KEGOC. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Компанияның мәліметінше, 25 қаңтарда Өзбекстанда тоқтың қысқа тұйықталу орын алып, соның салдарынан Сырдария ЖЭО-да алты энергоблоктың жұмысы тоқтап қалған.
"Өзбекстанның энергожүйесінде туындаған электр қуатының тапшылығы Өзбекстан мен Қырғызстанның энергетикалық жүйелерімен параллель жұмыс істеуге қосылған Қазақстанның электр жүйесінен қуатты рұқсатсыз сөндіруге әкелді", – деді KEGOC басшылығы.
- "Қарапайым халық майнерлердің кесірінен зардап шегуде": Қазақстанда не себепті электр қуаты өшіріліп жатыр?
- Қазақстанның оңтүстігіндегі электр қуатының сөну себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды
Энергетикалық жабдықтардың зақымдануына жол бермеу және еліміздің оңтүстік облыстарын толық өтеу мақсатында Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары оқшауланған жұмыс деңгейіне көшті.
Соның нәтижесінде Қазақстанның оңтүстігіндегі барлық электр станциялары жұмыс істеп, басқа өңірдегі жарықтың сөнуінің алдын алған.
"Айта кету керек, орын алған апат цифрлық майнингпен айналысатын тұтынушылардың қызметіне қатысы жоқ", - деп атап өтті аталған компания.
Еске салайық, 25 қаңтар күні Алматы қаласы мен бірқатар облыстарда жарық сөнгені хабарланған.