"ҚазТрансГазАймақ" компаниясы Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы жұмысшылардың сыйақысын жымқырмақ болған
"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы қала тұрғындары мен шаруашылық субъектілерінен 70-тен 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі заңсыз ақшалай сыйақыларды тартып алмақ болған. Олар бұл ақшаны газды қосу рұқсатын және техникалық шарттарды жедел алу үшін талап еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемалар Қаржы мониторингі агенттігі Ұлытау облысы бойынша басқармасының желілерге мониторинг жүргізуі нәтижесінде анықталды.
"Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған тұлғаларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады