Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазіргі жеткен жетістігіміз – сол кісінің арқасы": Қоғам қайраткері елордадан Нұр-Сұлтан атауын алып тастауға қарсы екенін білдірді

Қазақстанның қоғам қайраткері, экономист, экс-шенеунік Жақсыбек Құлекеев елордадан Нұр-Сұлтан атауын алып тастауға қарсы екенін жеткізді. Бұл қалаға тұңғыш президенттің атын мүлдем бермеу қажет еді деген ол, бұл көзқарасына бірнеше дәлел келтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаксыбек Кулекеев 2

Дерекккөз Total.kz

Құлекеев үш жыл бұрын бас қалаға осы атауды беруге шешім қабылдаған уақытта қоғамның өткір сынына ұшырап, халықтың қарсы болғанын еске алады.

"Біріншіден, шынында тұңғыш президенттің осы қаланың өркендеуіне, жалпы Қазақстанның дамуына қосқан үлесі зор. Ол – біздің отыз жылдық тарихымыз. Осы отыз жылда біздің жеткен жетістіктеріміз де көп, ауқымды кемшіліктеріміз де болды. Соның ішінде әсіресе жемқорлықтың жылдам белең алғаны. Кейінірек ол кісі жасы келген шағында отбасының мүддесін мемлекеттің мүддесінен артық қойғаны. Ондай кемшіліктің болғанын барлығымыз білеміз", – дейді қоғам қайраткері журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.



Алайда қоғам қайраткері Қазақстанның жеткен жетістігінің жоғары екенін алға тартады. Бұрынғы Экономика министрі еліміздің экономикалық көрсеткіштері бойынша ТМД елдері арасында бірінші орынға шыққалы тұрғанын баса айтқан.  

"Біз басқа елдермен салыстырғанда көш ілгері болып кеттік. Қазір соғыс болып жатқаннан кейін Украинаның экономикасы 35-40 пайызға құлдырайды. Ал былтыр соғыс болмаған уақытты алып қарайтын болсақ, 45 млн халқы бар Украинаның жалпы ішкі өнімі Қазақстаннан аз. Біз егемендік алған кезде еліміздің жалпы ішкі өнімі адам басына шаққанда Ресейден 40 пайызға төмен болатын", – деген Құлекеев осындай жетістікке тұңғыш президенттің арқасында жеткенімізді айтады.

Талқылау