Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қазіргі жағдайын елестетуге қорқамын": Полина Гагарина Алсудың қызын қорғап сөйледі

Ресейлік әнші Полина Гагарина Микелланың финалда дұрыс өнер көрсетпегенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «А поговорить» бағдарламасына сілтеме жасап.

Полина Гагарина Микелла Абрамованың "Голос. Дети" байқауында өнер керсетуі туралы пікір білдірді. Әнші Алсудың қызы кәсібилік танытқан жоқ дейді. Оның пікірінше Микелла Абрамова өзінің вокалдық деңгейіне сәйкес келмейтін ән таңдаған.

"Баланың демі жетпей қалды. Бұл ән кәсіби әншілердің өзіне де қиынға түседі", - деп пікір білдірді.

Ал байқау нәтижелеріне байланысты болған дауға Полина Гагарина Микелла Абрамованың қатысы жоқ екенін жеткізді.

"Бұл оның кінәсі емес. Бұл сұмдық жағдай. Мен тіпті баланың қазіргі жағдайын елестетуге қорқамын", - дейді ол.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр