Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазір әділдік орнады: Нұр-Сұлтанда екі полицей жолақысын төлемеген балалы әйелді ұстап әкеткен

Нұр-Сұлтанда жолақысын төлемегені үшін екі баласымен автобустан қуылған келіншек сотта жеңіп шықты. Оны бақылаушы көліктен түсіріп, полицейлер көлігіне отырғызып алып кеткен.

Қазір әділдік орнады: Нұр-Сұлтанда екі полицей жолақысын төлемеген балалы әйелді ұстап әкеткен

"24 мамыр күні елордада менің құдашам Ася екі баласымен автобусқа отырады. Картамен ақшаны төлемек болып, аппаратқа жақындайды. 3 секундтай ұстап тұрғанымен, карта ақшаны қабылдамаған. Бұл уақытта екі баласының көлік ішінде жүргенін көріп анасы соларға ұмтылады. Осы уақытта бақылаушы келіп Асяның жол ақысын төлемгені айтып айыптайды. Ася дәл сол уақытта төлейінін айтып, жағдайды түсіндіреді. Алайда оған құлақ аспана бақылаушы келесі аялдамадан екі баласымен түсіріп тастайды. Онымен қоймай патруль полициясын шақырады", - деді Санжар Боқаев  есімді желі қолданушысы парақшасында. 

Оқиғаның мән-жайын жазған желі қолданушысы жазбаны барынша көптеп бөлісуді сұрайды. Айтуынша, оқиға орнына бір емес, екі патруль көлігі келіп жеткен. Онымен бірге тағы бір бақылаушы келген. Барлығы 6 ер адам екі балалы келіншекке 90 теңге төлемегені үшін айып таққан. 

"Балалары жылағанына қарамастан полицейлер Асяны көлігіне отырғызуға мәжбүрлеген. Ася күйеуіне хабарласып, мән-жайды айтады. Күйеуі оқиға орнына келіп жеткенде оны балаларымен қалдырып, келіншекті полицейлер алып кетеді. 90 теңгеге бола әшейінде қажет кезде келмейтін бір емес, екі полиция көлігі келген. 90 теңге үшін екі бала ерткен әйелді қылмыскердей айыптайтындай не басына күн туды? Сол жерге келгенше қанша ақшасы, жанармайы жұмсалды. 90 теңгеден көп шығын шыққан жоқ па? Асяның жолдасы 112-ге хабарласып, оқиғаны тексеруді сұраған. Ондағылар қызметкерлерін жіберетінін айтқанымен, ешкім қарасын көрсеткен жоқ", - дейді ол.

Бұл іс сотқа жетті. Кәсіби адвокат жалдаған жәбірленуші тарап сотта жеңіп шықты. Бақылаушы мен полицейлердің әрекетін заңсыз деп танылды. Сот шешімімен Асяға қатысты қоғамдық көлікте жолақыны төлемеу туралы әкімшілік іс тоқтатылды. 

"Бекмырза Игембердинов, жұмыстарыңызды полицейлердің араласуынсыз жүргізіңіздер! Бақылаушыларға жанжал болмайтындай мәселену шешуді үйретіңіздер! Сосын лас автобстарыңызды жуыңыздар", - дейді Санжар Боқаев. 

Желі қолданушылары полицейлер мен бақылаушыны айыптады. 

"Әшейінде қылмыс орнына шақырып келгізе алмайтындар, 90 теңге үшін іс қозғап не болыпты?", "Екі балалы әйелге шамалары жеткен бе?", "Қоғам не болып барады? Балалы әйелді де аямайтын болған ба?", "Сотта жеңгендеріңіз дұрыс болған", - деп жазды олар. 

Талқылау