Қазығұртта ауыл тұрғындары цифрлық теңдікке қолжеткізді
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылдала ауылының тұрғындары осы қарашада зор қуанышқа бөленді. Олар көптен бері әртүрлі мекемелерге өтініш жазып, күткен 4G интернетке қолжеткізді. Жоғары жылдамдықтағы желіні ауылға Kcell компаниясы орнатып берген.
Қызылдала ауылындағы мектептің мұғалімі Қуаныш Кәдірбаевтың айтуынша, қазір мектепте де, ауылда да интернет жақсы ұстап тұр.
"Біз Kcell-орталыққа көп өтініш жазғанбыз. Ауыл тұрғындары осы провайдердің колл-орталығына да үздіксіз хабарласып отырды. Бізден көп өтініш түскендіктен назар аударған болар. Жергілікті цифрландыру орталығының да пайдасы тиді. Қазір интернет жылдамдығы өте жақсы. Интернеттің қосылғаны керемет болды. Айналамыздағы басқа ауылдармен, мысалы, әкімшілік орталық орналасқан ауылмен салыстырғанда бізде интернет қуаты әлдеқайда жақсы", - дейді ауыл мектебінің мұғалімі Қуаныш Кәдірбаев.
Қызылдала ауылына 2020 жылы 3G интернет орнатылған. Алайда оның жұмысы нашар болған соң, ауыл тұрғындары бір жыл бұрын мәселе көтере бастаған.
"Біз былтырдан бастап, әртүрлі жерлерге өтініш жазып, осы жылы Kcell бізге 4G орнатып, барлық ауыл тұрғындарын қуантты. Біз әлеуметтік желіге кіріп, өзімізге қажетті ақпаратты қиналмай таба алатын болдық. Қазір интернет тіпті қарапайым қоңырау шалу функциясынан да жақсы жұмыс істеп тұр", - дейді ауыл тұрғыны Шыңғысхан Еркөбек.
1100 тұрғыны бар Қызылдала ауылы осы жылы сапалы интернетке қолы жеткен алғашқы елдімекен емес. 2022 жылдың өзінде Kcell 113 ауылда 114 LTE жүйесін іске қосты.
"Бұл 2020 жылы пандемия кезінде басталған жұмыс болатын. Сол кезде ірі қазақстандық операторлар Цифрлық даму министрлігімен меморандумға отырып, 250-ден көп адам тұратын елді мекендерде интернет орнатуға келісімге келген. Осы келісім бойынша біз 928 ауылда интернет желісін орнатқанбыз. Қызылдала ауылы сол интернет орнатылған ауылдардың бірі. Ауыл 2012 жылдан бері байланыс желісімен қамтылған, бірақ 2020 жылы ғана 3G интернет орнатылған. Алайда біз ол кезде тұрғындар жаппай интернет қолданады деп күтпедік. Желіге көп адам кіргендіктен оның жұмысы тежеліп тұрған. Биыл 14 қарашада ауылда LTE жүйесін қостық", - дейді Kcell компаниясының Құрылыс және даму бөлімі сайттарды жалға беру секторының басшысы Сара Тұрабаева.
Ауыл тұрғындары интернет жұмысының жақсарғанына қатты қуанып әлеуметтік желіде Kcell-ге алғыс айта бастаған.
"Бірінші кезекте мектеп оқушылары қатты қуанды. Олар бізге эмоцияналды видео жіберіп, өз алғыстарын айтып жатыр. Басқа тұрғындардан алғыс келіп түсіп жатыр. Көпшілігінің бала-шағасы үлкен қалаларда білім алып жүр. Енді олар өз балаларымен видео байланысқа емін-еркін шыға алады", - дейді Сара Тұрабаева.
Ол Kcell Цифрлық даму министрлігімен келген келісім бойынша еліміздің оңтүстік және батыс өңірлеріндегі алыс елді мекендерді интернет қамтамасыз етуді бастаған.
"Біз интернет орнатып жүрген кей ауылдарда су мен электр қуаты да жоқ, кейбіріне жетудің өзі мұң. Логистика жағын ұйымдастыру өте қиын. Мысалы, Ақтөбе облысында біз барған бір ауылға жаңадан тұрақты, сенімді электр қуаты былтыр ғана тартылды. Біз осыдан кейін 3G желісін орнаттық. Алда "вышка" тұрғызып, одан да жылдам желі тартуға дайындалып жатырмыз. Жалпы біз бір рет желі орнатқан ауылдарға қайта барып, ондағы интернетті жақсартып отыруды жеке жауапкершілік санаймыз", - дейді Сара Тұрабаева.
Цифрлық даму министрлігі ұсынған соңғы деректерге сүйенсек, қазір елімізде 1200-ден астам елді мекенде интернет жүйесі жоқ. Бірақ бұл статистика жыл сайын төмендеп келеді. Мысалы, 2020 жылы интернетпен қамтылмаған аймақтар саны 2000-нан асқан. Елде цифрлық теңдік мәселесі көп талқыланып, интернетпен қамтылған аумақтардың саны ғана емес, ол желінің сапасы да сыналатын жағдайлар көбейді.
Жарнама құқығында

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
