Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазыбек Иса: "Жынысты ауыстырғанша, Цойдың миын ауыстыру керек" дегенге келісемін

ҚР парламент мәжілісінің депутаты, ақын, журналист Қазыбек Иса өзі мінберде көтеріп жүрген мәселелерге тоқталды. Қазақ қоғамын алаңдатқан қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесі, жыныс ауыстыру, латын әліпбиі туралы сөз қозғады.

Бұл туралы Қазыбек Иса Нартай Аралбайұлымен болған сұхбатында айтты.

Қазыбек Иса бұған дейін "мас күйінде көпшіліктің көзіне түсті" деген сынға қалды. Алайда депутат "Мен сүйеніші сүйек лақтырған жалақор, топастармен араласпаймын" деген жазба арнады. 

"Маған депутат атағы ұнамайды. Мен бірінші кезекте ақынмын, журналиспін. Депутат деген атақ ұнамайды", - деді ақын азамат. 

Қазыбек Иса Алексей Цой жақында жария еткен жыныс ауыстыру туралы ереже туралы сөз қозғады. 

"Мен министрдің жыныс ауыстыру туралы ережесін оқымаппын. "Қазақ үні" газетінің сайтының бас редакторы Азамат Тасқараұлы осыған байланысты көлемді мақала жазды. Ол жігітке риза болдым. "Жынысты ауыстырғанша, Цойдың миын ауыстыру керек" деді. Біз қазақтығымызды жоғалтып бара жатырмыз. Мұндайға мүлде қарсымын", - дейді депутат.


7 млн қазақ сыртта жүр: Депутат демография және көші-қон жөніндегі агенттік құруды ұсынды


Журналист үш облыстың Тәуелсіздік көшесінің елбасының атына ауысқанына наразылығын білдірді. 

"Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы, Павлодар облысында Тәуелсіздік көшесін Назарбаевтың атына ауыстырды. Мен ол үшін арнайы хат та жаздым. Жауап бермеді. Тәуелсіздік болмаса, елбасы қайдан болады? Тәуелсіздікті не үшін ауыстырады? Неге басқа көшелерді бермейді? Осындай нәрселерді түсінбеймін", - деді парламент депутаты. 

Талқылау