Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"МакГрегор да көмектесе алмайды": Фируза Шарипова абсолютті чемпионға қарсы кездесу туралы пікір білдірді

Фируза Шарипова алда болатын жекпе-жекте Кэти Тейлорды жеңетінін мәлімдеді. Ол жыл апсетін жасап, барлық белбеуді Қазақстанға алып келмекші, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фируза Шарипова

Кездесу 11 желтоқсанда Ливерпульде өтеді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. 

Бокс тарихында апсеттер өте көп. Мысалы, әлем чемпионы Энтони Джошуа мен Энди Руис арасындағы кездесуде Джошуа жеңіске жетеді деп күтілген. Алайда Руис жетінші раундта техникалық нокаутпен басым түскен еді. Мұндай апсеттер Майк Тайсон, Леннокс Льюис, Владимир Кличконың да кәсіби мансабында орын алған. 

Фируза алдағы кездесу жайлы пікір білдіріп, Instagram парақшасында жазба жариялады.

"11 желтоқсанда жыл апсетін жасаймын. Кэти Тейлордың барлық белбеуін тартып алып, Қазақстанға алып келемін. Оған ешкім көмектесе алмайды. Тіпті рингке Конор МакГрегор шықса да, екеуін бірге нокаутқа түсіремін", - деп жазды ол.  

Талқылау