Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Казцинк" өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл көшбасшысы деп танылды

Компания тау-кен металлургия саласында "Алтын Гефест" беделді марапатына ие болды.  Биылғы жылы ірі кен металлургия ұйымдарының бірі "Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл көшбасшысы" номинациясын жеңіп алды.

"Алтын Гефест" мүсіншесі Astana Mining & Metallurgy (АММ) 15-ші конгресі аясында табысталды. Бұл сарапшылар, компания басшылары және тау-кен металлургия секторының мамандары бас қосатын жыл сайынғы форум.

“Біздің компания үшін бұл беделді марапат жай ғана табысты мойындау емес, бүкіл ұжымның бірлесе атқарған ауқымды жұмысының растамасы болып табылады, – деп атап өтті "Казцинк" бас директоры Жанат Жанботин. - Біздің өндірісте қауіпсіздік техникасының бұзылуына нөлдік төзімділік қабылданған – біз басты құндылықтар болып табылатын адамдардың өмірі мен денсаулығына қатысты мәселе туындағанда ымыраға келмейміз. Ортақ іске қосқан үлесі үшін әр қызметкерге алғыс білдіремін. Біз тұрақты және жетілген қауіпсіздік мәдениетін бірге қалыптастырамыз. 

"Казцинкте" "Қауіпсіздіктегі көшбасшылық" атты ауқымды бағдарлама жұмыс істейді. Оның негізінде әр басшының жеке үлгісі жатыр. Осы саладағы бастамалардың қатарында жұмыс орнындағы қауіпті факторларды анықтауға және басқаруға көмектесетін "Қауіпсіз еңбек" жобасы бар. "Казцинк" кәсіпорындарында "Жоспар жоқ жерде – жұмыс жоқ" қағидаты енгізілді. Бұл тәуекелдерді алдын ала бағалаусыз бірде-бір тапсырма орындалмауы тиіс дегенді білдіреді. Цифрлық шешімдерден бастап тәуекелдерді азайту бағдарламаларына дейін еңбек қорғауды жақсарту үздіксіз енгізілуде. Атап айтқанда, өзгерістерді басқару бойынша қосымша әзірленді, техниканың соқтығысуының алдын алу, сондай-ақ операторлардың шаршауын бақылау жүйесі қолданылады. Кешенді тәсіл өндірістегі жарақаттылық қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Жарнама құқығында

STAN.KZ
Бейсенбі, 05 Маусым, 2025 13:18
Талқылау