AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚазАвтожол Ақтөбе облысында су шайған тасжолға қатысты пікір білдірді

ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев таяуда Ақтөбе облысында тасыған су республикалық маңызы бар жолды шайып кету жағдайына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

су басқан

"Иә, Ақтөбедегі жағдаймен таныспыз. Бір айта кетерлігі, су шайып кеткен жол қайта жөндеуден өтіп жатыр. Яғни аталған тасжол әлі пайдалануға берілмеген. Қазір тасжолды жөндеудің жобалық-сметалық жоспарын өзгертіп, құбырларын ауыстырып жатырмыз. Алдағы уақытта төтенше жағдай қайталанбайды деген ойдамыз. Жалпы байқам бойынша соңғы жылдары Ақтөбе облысында мұндай көлемдегі ірі көлемде су тасқыны болмаған", –  деп жауап қатты Мейірхат Қасымбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, осы көктемде Ақтөбе облысы аумағында 3 жол учаскесін су шайып кетті. 

"Қазіргі уақытша су басқан жол учаскелері қайта жөндеуден өтіп жатқанын еске саламын. Яғни қолданыстағы жолдар емес. Сонымен қатар жаңадан салынған және жөндеуден өткен тасжолдың сапасына алғашқы 5 жыл мердігер компания жауапты",  – дейді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр