Қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетін тексеру бойынша байқау: Ұтыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталды
Huawei және Stan.kz Наурыз мерекесіне орай оқырмандардың ұлттық мәдениет пен әдет-ғұрыпты қаншалықты білетінін анықтау үшін байқау ұйымдастырды. Байқау қорытындысы аясында Stan.kz жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарын табыстады.
Байқауда 400-ден аса оқырман бақ сынады. Stan.kz Huawei Watch GT 3 және Huawei Band 4 фитнес білезіктерінің ұтыс нәтижесін жариялаған еді.
Байқау нәтижесі бойынша кем дегенде бір сұраққа дұрыс жауап берген 70-тен астам қатысушы фитнес білезіктер ұтысына қатысты. Бір сұрақтан көп дұрыс жауап ұсынған 15 қатысушы арасында Huawei Watch GT 3 (бұл көптеген пайдалы функциясы бар Huawei брендінің флагмандық сағаттары) сағаты ойнатылды.
Олардың арасына бір бас жеңімпаз суырылып шықты. Ал ынталандыру сыйлықтары ретінде 20 қатысушы Huawei Band 4 білезіктерін ұтты.
Олардың ішінде Зейнеп, Айымхан, Ақнұр есімді алматылық қатысушыларымыз сыйлықтарын алып үлгерді.
Айымхан, Алматы
Ақнұр, Алматы
Зейнеп, Алматы
Назерке, Алматы
Өзге де өңірлерден қатысқан оқырмандарымызға бағалы сыйлықтар пошта арқылы табысталады.
Басты сыйлыққа Huawei Watch GT 3 қарағандылық Жаппарова Ләззат ие болды.
Stan.kz байқауға қатысқан барша оқырмандарына алғыс айтады!

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
