Cәті түссе "Қазақтелеком", "Қазақстан темір жолы" сатылады – "Самұрық-Қазына" төрағасы
Фото: gov.kz
"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов "Қазақтелеком", "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) және QazaqGaz акцияларын сату жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жақыповтың айтуынша, қордың бұл компаниялардың капиталынан шығу уақыты тек нарықтағы жағдайға байланысты.
"Бәрі нарықтағы жағдайға байланысты. Нақты мерзімі бойынша ештеңе айта алмаймын: жекешелендіру жоспары бар, біз сол жоспар аясында жұмыс істейміз. Активті сату, бір жағынан, күрделі шара болса, екінші жағынан, оны барынша тиімді бағамен сату керек. Бұл – мемлекеттік актив, "сәті түссе" дегендей, мұнда көптеген жағдайдың сәйкес келуі талап етіледі. Сонда ғана бәсекелестік ортаға шығарып отырған активтерге оңтайлы баға ала аламыз", – деп түсіндірді "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген