Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтелеком" елдегі бірқатар ақпарат ресурстарына шетелден шабуыл жасалғанын мәлімдеді

"Қазақтелеком" АҚ коммуникациялар департаменті 2022 жылдың 24 қыркүйегінде бірқатар қазақстандық ақпараттық ресурстарға шетелден жаппай DDOS-шабуыл тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақтелеком

Компания мәліметінше, қазіргі уақытта маршруттарды қалпына келтіру және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жүріп жатыр.

“Бұл кейбір сыртқы интернет-ресурстарға қол жеткізу жылдамдығының ішінара төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жұмысты жақын арада аяқтау жоспарлануда. Компания уақытша қолайсыздықтар үшін өз абоненттерінен кешірім сұрайды”, – делінген хабарламада. 

Талқылау