Қазақстандық 17 жастағы “Месси” премьер-лигадағы алғашқы голын соқты (видео)
Биылдан бастап “Тараз” футбол клубының қатарына кіріп, ересектер арасында доп тебе бастаған 17 жастағы Еркебұлан Сейдахмет ҚПЛ-дағы алғашқы голын салып, жанкүйерлерін қуантты.
Ол өзінің дебюттік голын ҚПЛ 16 туры аясында “Ертіске” қарсы өткен матчта өз алаңында салып отыр. Ол 13-минутта әріптесі Бахтияр Зайнутдиновқа нәтижелі пас асырса, 25-минутта өзі гол авторы атанды.
Қазірге дейін Еркебұлан “Тараз” сапында 8 рет алаңға шықты. 17 жастағы футболшы Санкт-Петербургте өткен “Гранаткин мемориалы” турнирінен кейін елге танылды. Оның ойыны ресейлік “Зенит” клубын да қызықтырып, тіпті футболшы біраз уақыт питерлік команданың оқу-жаттығу жиындарына да қатысқан болатын. Бірақ, “Зенит” ФИФА ережесіне сай Сейдахметпен келісім-шартқа отыра алмады.
Оқи отырыңыз:
Жылдың қарымта жекпе-жегі: Уорд Ковалевті тағы да ұтты (видео)
Нью-Йоркте жүрген шымкенттік полицей кәсіби рингте 11-жеңісіне қол жеткізді
Комментатор Головкинді Ресей құрамасының футболшысымен шатастырып алды
Ұзындыққа секірген жеңіл атлет басындағы жасанды шашын түсіріп алды (видео)