Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаева Алматыда форумға қатысты

Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаева “Өзін-өзі тану” пәні оқуға түсетін емтихандарда басты пәнге айналуы тиіс деп есептейді.

Безымянный

Бұл туралы “Алматы” арнасы хабарлайды.

“Өзін-өзі тануға” қатысты жалпы республикалық кеңеске қатысқан Назарбаева, рухани тәрбиенің маңызы туралы айтты. Форумға мұғалімдер, журналистер, белгілі қоғам қайраткерлері мен өнер майталмандары қатысты. Сара Алпысқызының айтуынша, бұл пәнді тек балабақша мен мектептерде ғана оқытып қоймай, еліміздің университеттеріне де енгізу керек.

“Өзіңнің не үшін бақытты немесе не үшін бақытсыз екеніңді ойлан, сезін. Сосын барып сен өз балаларыңды дұрыс тәрбиелейтін боласың. Оның үстіне сіздер ұстазсыздар. Сондықтан мен айтамын, жалпы адами құндылықтар барлық сабақтардағы пәндер секілді болуы керек. Бұл оқуға түсетін емтихан қатарына да енгізілуі қажет”, – деді Назарбаева.

Оқи отырыңыз:

Депутаттар биыл қайда демалатындарын айтып берді

Сапарбаев шетелдік елшілермен асық ойнап, садақ атты (фото)

Назарбаев Бурабайдағы тым қымбат бағаға реніш білдірді

Бекболат Тілеухан депутаттарға қазақтың көне есебін шешуді ұсынды

Талқылау